Өлең, жыр, ақындар

Қандай-қандай күн боларын кім білсін

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 537
Қандай-қандай күн боларын кім білсін,
Бұл адамның басында,
Қандай-қандай күн боларын кім білсін,
Бір Құдайдан басқа білмес расында.
Адам түгіл Жер тағдыры неғайбыл,
Бір Алланың қолында,
Өз жүрегің не қаласа, солай жүр
Бір Алланың жолында.
Қандай-қандай күн туарын кім білген,
Маңдайыңа не жазғанын жазмышың.
Дүниеден озды достар бір жүрген,
Өмір деген — жүректегі сазбысың.
Сазды әуеннен — үн іздеймін бар таныс,
Жастық шақта жоғалтқан сол сезімдей.
Үмітімді бір үзбеймін бейтаныс,
Кеше кеткен сол жандардың көзіндей.
Қандай-қандай күн оянар — бір жұмбақ,
Өз жүрегім — өзіме-өзім құпия.
Өтіп жатыр құс қанатты жыл зырлап,
Жан-жағыма тарап жатыр құт ұя.
Ол да болса бір Құдайдың бергені,
Өсіп жатса өркенім.
Қыс-қыстауға,
Жайлау асса төлдері —
Бала кезде еркелеген тентегің.
Бір Құдайдан басқа білмес расында,
Жұлдыз жанып,
Айым туып,
Күн күлсін.
Бұл адамның басында,
Қандай-қандай күн боларын кім білсін?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Прага

  • 0
  • 0

Прага — бір ғажайып Шаһар екен,
Оянып, Күнмен бірге атады екен.
Үйлері жұлдыз-аймен бір сырласып,
Ұйықтап түнмен бірге жатады екен.

Толық

Дәстүр-салты толғаммен

  • 0
  • 0

Дәстүр-салты толғаммен,
Халық-әулет орманмен.
Кішкентай Адам болмайды,
Кішкентай жүрек болғанмен!

Толық

Боран

  • 0
  • 0

Боранды көрдім мен алғаш,
Жан-жағымды көре алмас.
Алай-түлей борады-ай,
Құдірет күш жеңе алмас.

Толық

Қарап көріңіз