Өлең, жыр, ақындар

Сезіндірген білімсіздік бекерін

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 523
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 80 жылдығына және де «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің – болашаққа ұитылған университет» атты салтанатты жиын мен университет түлектерінің форумына шашау өлең

Сезіндірген білімсіздік бекерін,
Сезіндірген білімнің екенін,
Қазақ ұлттық университетім
Алтын ұям, асыл менің мекенім.
Бұл бір өмірі кіріп-еніп щығады,
Өмір мәңгі еместігін ұғады.
Ұстаздарды еске алғанда осылай,
ҚазГУ-іме келгім келіп тұрады.
Жаным менің ақын болып шырқады,
Бір курсты атқан кезде бір таңы.
Ұлы Әуезов бірлестігі алдында,
Сөзді берді Сүйінбайдың ұрпағы!
Кеудем менің қуанышқа толатын,
Кезім келіп басқа бақыт қонатын.
Ол ұстазым Сүйінбайдың ұрпағы,
Сұлтанғали Садырбиев болатын.
Университет мерей тойын қастерлеп,
Алдарыңда жырды шашқан сол ақын.
Алдан тосқан академик жан болып,
«Инағыштай» өлеңіме таң болып.
Маған өлең оқытумен бастады,
Ұлы ұстазым – Лекциясын Қабдолов.
Бастап солай студенттік мерекем,
Бірге оқыған достар болды берекем.
Ал, Шөмішбай, сатираңды оқы деп,
Қарсы алғанды Қожекеев Темекен!
Оқтан аман қалған жан ғой бораған,
Ұлылап айтып, жанды ораған.
Жиырма жаста Белинскийді аударған,
Ұстаз болды шалабаев Бел-ағаң!
Бәрі тарих студенттік шағының,
Аға болар ашылатын бағының.
Әбілфайаз Ыдырысов ұстазым,
Газет-журнал берді ісінен тағылым!
Қалам кетер жүрегінде құт бардан,
Мені ақын екендігін ұққаннан.
Ұстаз болып ғалым әрі жазушы,
Абдул-Хамид Мархабаев шықты алдан.
Туденттер арасына ------- женіп,
Шәкірттер парыз-борыш өтеліп.
Ұлы Тауман Амандосов келеді,
Алшаң басты Алатауды көтеріп.
Ғалымдар бар көрсе сені неге алаң,
Ғалымдардың ішіндегі көп адам.
-------- Ғалым кім» деп сұрадым,
------- бірде әзілменен Тем-ағаң!
Атар күннің, білу керек батарың,
Ұлы өмір сиретті ғой қатарын,
Біздің ректор болды ерекше асқар тау
Асқар десе, Асқар еді Закарин!
Жүректерге енгесін құт алып,
Ұстаздарды мәңгі еске тұталық.
Шақырғасын келдік ұлы тойға біз,
Замандасым, ғалым-ақын Мұтанов!
Құлыншағы, қозылар, боталы
Әл-фараби ұлы аты бар жоталы,
Ұлттық біздің Университет жасасын,
Ұстаздар мен шәкірттердің Отаны!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір жолы алда тұр

  • 0
  • 0

Өмір жолы алда тұр,
Машина жол – ол да тұр.
Темір жолмен жарысқан,
Жалғыз аяқ жол жатыр.

Толық

Қайырымсыз ажал деген шіркін келіп

  • 0
  • 0

Қайырымсыз ажал деген шіркін келіп
Уыздай бір ұяның шырқын бөліп.
Сәби жүрек атанды тұлдыр жетім,
Әкесі мен шешесі бір күнде өліп.

Толық

Астана

  • 0
  • 0

Айналғандай пейіш-жұмақ, баққа да,
Тарихи жер – тұғыр болған таққа да, ей!
Абылайхан ақ туындай – Ақ қала,
Қазағымның бас қаласы-ей, Астана!

Толық

Қарап көріңіз