Өлең, жыр, ақындар

Сингапур

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 331
Баударбек-Қожатаев Ерлан Кеңес ұлына
Сингапур бұл, сымбатты жер - жұмақ жер,
Айналасы мөлдір таза бұлақ дер,
Айналасы нұрға тұнған шуақ дер,
А-а, Сингапур! Бізге дағы қуат бер!
Шартараптан шабытымды шақырдым,
Асау толқын ағысымен атылдым,
Уа, Сингапур баурым өзің жайлы жыр жаздым,
Алты Алашқа атым жеткен Ақынмын!
Қанатымнан бір Құдайым қолдаса,
Мәшһүр Елге ақын жүрек толғаса,
ЕРЛАН баурым, гүл жеріңді кім білер,
Жұмақ жерде жүргеніңді кім білер,
Үйіңізде Ақын қонақ болмаса!
Сингапурда сырласып бір сыр кештік,
Қатар тұрып жұбымызбен тілдестік,
Үнді мұхит жағасында кеменің,
Туған ел деп қос ескегін бірге естік.
Сингапур деп бастап едік жол басын,
Ақжал-асау толқынымен толғасын,
Бір жақсылық, бір жақсылық тілейміз,
Тілек үнін - Үнді Мұхит қолдасын!
Зәулім үйлер еңселенген ғасыр деп,
Сингапур да тегі текті – асыл бек,
Сингапурды тауып алған көк Мұхит,
Сингапурды жауып алған жасыл көк!
Жасыл көктің арасында сан жұмбақ,
Бір құс үнін, бақыт үнді ән тыңдап,
Біз барамыз – кеуде толы қуаныш,
Біз барамыз найзағайдай жарқылдап.
Көз қорқады деген сөз бар қол батыр,
Өлең болып өрілердей жол жатыр,
О, Сингапур! Уа, ЕРЛАН! Рахмет,
Бізді күтіп,
Индонезия алда тұр!...

09 ақпан 2012 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арал теңізінің хаты

  • 0
  • 0

Уа, Ильич, қанық ең сырыма сен,
Тұңғиық теңіз едім тұнық әсем.
Баяғы өзің көрген Аралыңмын,
Хат жазды деп қуанған ұлы Көсем!

Толық

Жырыммен жүрекке дән ексем дедім

  • 0
  • 0

Жырыммен жүрекке дән ексем дедім,
Бақыттың барына да көп сенбедім.
Киелі ел – құдіретті қазағыма,
Өмірде ақын болып өтсем дедім.

Толық

Әйел деген әйел ғой

  • 0
  • 0

Әйел деген әйел ғой,
Бізге әйелсіз ауа жоқ.
Әйел деген әйел ғой,
Әйелдікке дауа жоқ.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар