Өлең, жыр, ақындар

Жоғалған бір өлеңім, бір кітабым

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 406
Жоғалған бір өлеңім, бір кітабым,
Мен соны әлі күнге пір тұтамын,
Киелідей көремін не бар, не жоқ,
Жапырақ өлеңіммен, жыр бұтағым.
Өлеңнің болып едің оң қазбасы,
Қолымда қалып қойып соңғы абзацы.
Жоғалды бір өлеңім, бір кітабым,
Білмеймін қолды болды қолжазбасы.
Қайда барып адасты кемем шалқып,
Тұрады не жазсам да төмен тартып.
Жоғалды бір өлеңім, бір кітабым,
Өлеңім жоқ сияқты одан артық.
Жолаушы сапар кешіп жолды ұнатқан,
Бір теңіз болатынды толқып аққан.
Жазылды бір өлеңім, бір кітабым,
Асатын кітап жоқтай, сол кітаптан.
Қолымнан келгендерін аямадым,
Өсіріп перзентімдей аяладым.
Жоғалған сол бір өлең, сол бір кітап,
Қолына тиді екен деп қай адамның?
Түсінетін бір адам тапса бәрін,
Сол өлең, сол кітапты бақ санадым.
Жазылған сол бір өлең, сол кітапты,
Қолына түссе жақсы, жақсы адамның.
Зікірді салатындай сенсе бақсы,
Назарын не екен деп бөлсе жақсы.
Табылған сол бір өлең, сол кітапты,
Сол адам баласындай көрсе жақсы.
Білмеймін баласындай көрер көрмес,
Оралып өз қолыма келер келмес.
Асырап алса жақсы баласындай,
Ол қайтып дүниені берер бермес.
Кімге барып қонарын, кім білді бақ,
Жапырақ жайғанындай мың бір бұтақ,
Кәдімгі қос жанарым қос көзімдей,
Жоғалған сол бір өлең, сол бір кітап.
Менің осы жайымды түсінерді,
Жоғалғанын жанымда кісі көрді,
Жазылған сол бір өлең, сол кітабым,
Білмеймін, бүгін менің түсіме енді!..

6-7 желтоқсан, 2012жыл.
Алматы-Астана сапары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талай дана Жер бетінен өтті дер

  • 0
  • 0

Талай дана Жер бетінен өтті дер
Көтергендей денесімен көкті Жер.
«Тектілер» деп сөз айтады тексіздер,
«Тексіздер» деп сөз айтады тектілер...

Толық

Металл

  • 0
  • 0

Металл дейміз химия тілдерінде,
Айналар металға Адам жыр демінде;
Мойымайтын болаттар болғанымен,
Темір — тағдыр майысар бір жерінде.

Толық

Ашылар әрбір күннің

  • 0
  • 0

Ашылар әрбір күннің
парақтары,
Әр күннің әрбір демі
бар аптабы.

Толық

Қарап көріңіз