Өлең, жыр, ақындар

Ашылар әрбір күннің

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 496
Ашылар әрбір күннің
парақтары,
Әр күннің әрбір демі
бар аптабы.
Мен қалай болдым деме
бұл өмірде,
Құдайдың өзі солай
жаратқаны.
Сібірлеп көзің көріп
таңы атқаны,
Тірлікке сәулелерін
таратқаны.
Мен солай толдым деме, бұл өмірде,
Қүдайдың өзі солай
жаратқаны.
Сыйдырып жеті күнге
әр аптаны,
Күндерді Аймен өлшеп
парақтады.
Бұл неге былай болды
деп өкінбе,
Құдайдың өзі солай
жаратқаны.
Жердің де шыр айналып
баратқаны
Бойыңды шыр айналып
қан аққаны
Сен түгіл Жер мен бүкіл бар ғаламды
Құдайдың өзі солай
жаратқаны.
Бас имей кәрілікке жас сүйеміз,
Көк аспан, Жер топырақ, асты теңіз,
Ей, пендем, өмір солай сондықтан да
Жаратқан иемізге
басты иеміз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болса да бұл өмірдің көп қызығы,

  • 0
  • 0

Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы.
Тірлігің тірлік емес, еңбек жанып,
Жаныңды жылытпаса от қызуы.

Толық

Лирика

  • 0
  • 0

Дүниеге таңырқаймын тамсанам,
Түнгі аспанда жұлдызы көп самсаған.
Поэзия падишасы – лирика,
Өмір бақи ғашық болдым мен саған.

Толық

Лондонның көпірі

  • 0
  • 0

Қандай жұмақ нұр бар ең,
Қандай жұмбақ сыр бар ең.
Лондонның көпірі –
Таңырқаған күллі әлем!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер