Өлең, жыр, ақындар

Жүздірер теңіз, көлге де

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 425
Жүздірер теңіз, көлге де
Шығарар биік төрге де,
Қисынын тапсаң қыл көпір,
Өткізер сені өрге де.
Мешкей деген жақсы ат па,
Қалай жүзіп ақсақ та,
Қисынын тапсаң қыл көпір,
Жеткізер ұлы мақсатқа.
Піссе шірір жүзім кеш,
Шашылған моншақ тізілмес.
Қисынан тапсаң қыл көпір,
Қыл болса да үзілмес.
Арманның таңдап ал бірін,
Тұрғанда төгіп жан нұрын.
Қыл үстінде жүрсің сен,
Қыл көпір сенің тағдырың.
Қыл емей енді немене,
Келесің жүзіп теңізде,
Сенбей ме, адам, сене ме.
Кемеге бәрі мінсе де,
Теңізде толқып жүрсе де,
Адам мәңгі мойымас,
Бір ажалын білсе де!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жолдар, жолдар...

  • 0
  • 0

Жолдар, жолдар шақырады алысқа,
Жолдар, жолдар шақырады ғарышқа.
Сапарласың жолмен түсіп жарысқа,
Жолдан озбай, жолдан кейін қалыспа.

Толық

Металл

  • 0
  • 0

Металл дейміз химия тілдерінде,
Айналар металға Адам жыр демінде;
Мойымайтын болаттар болғанымен,
Темір — тағдыр майысар бір жерінде.

Толық

Өміріңе өкпе артпа

  • 0
  • 0

Көк аспан құсы самғар көңіл деген,
Сөйлеме бойыңнан да төменірек.
Өмірге тақпа кінә, Өмір деген —
Сен ойлар ойлардан да тереңірек!

Толық

Қарап көріңіз