Өлең, жыр, ақындар

Ойла, ойла

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2894
Ойла, ойла, ойға тойма,
Ойла, толған жас көңіл.
Жырла, ойла, ойла, жырла,
Жырмен жұбан, жан көңіл.
Ойла, жырла, жырла рахат,
Жырла, ойла, ойла бақ.
Оймен жыр тап, жырмен түр тап,
Жырла - дағы ойға қайт!
Жатсаң ойда, тұрсаң жырда,
Жанға жүрек емі бар,
Жаннан безген жырдан басқа,
Жас жүректің кімі бар?!
Ой - көңілдің еркетайы,
Жыр - жүректің бұлбұлы,
Ой - өмірдің күні, айы,
Жыр мен көктің жыр гүлі.
Жардан жеріп, бақтан безген,
Сен бейшара, жалғыз ғой,
Ойды - қырды қоймай кезген
Жарың, бағың болсын ой.
Жүйрік көңілім, ой ойлашы,
Өзге заттан безейін.
Ойдан қуат, жырдан қанат,
Жиып дүние кезейін.
Тағы... тағы ойлашы ой,
Мен де ойлайын, ерейін,
Жансыз, жарсыз мен сорлы ғой,
Жырлайын да өлейін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жас жүрегіме

  • 0
  • 0

Жас жүрегім, жанба текке,
Бола берме арманда.
Өрлессең де жерден көкке,
Жай табу жоқ жалғанда.

Толық

Жазғы дала

  • 0
  • 1

Жайнаған дала,
Ойнаған бала,
Жайылған малмен жабулы.
Керілген көкте,

Толық

Гүләндамға

  • 0
  • 1

Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Келші жақын, қарайын!
От жүректе,

Толық

Қарап көріңіз