Өлең, жыр, ақындар

Гүләндамға

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 3691
Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Келші жақын, қарайын!
От жүректе,
Қалсын көпке,
Суретіңді салайын.
Қиғаш қасты,
Қолаң шашты,
Қия алмайтын мен ақын.
Жүрек ізгі,
Жібек сөзді,
Жанымнан да жар жақын.
Нұрлы ажарың,
Қызу қаның,
Қалай сәйкес жаралған.
Терең теңіз,
Дес қара көз,
Бар ма көрген жараннан.
Құлқың гүл, сыр,
Көңілің сиқыр,
Өлген жан да тірілер.
Күлме - күлме,
Күлсең тіріде,
Жүрек жүзге тілінер.
Қара көзің,
Етіп төзім,
Қарағанды қандырар.
Бірде атып,
Бірте тартып,
Жанды есінен тандырар.
Ақ төсіңді,
Қар етіңді,
Жаным жатқа көрсетпе.
Бақ алманың,
Дәмін, мәнін,
Білу қайда есекке.
Надан жұртта,
Жауыз жоқ па,
Сүйек жарған сөз тиер.
Келші жаным,
Дуалайын,
Тұмарлайын көз тиер.
Жаным, жаным,
Гүләндамым,
Періштем бол, кел бері!
Жүрегімнің,
Басып шерін,
Қарашығым сүй мені.
Келші бері,
Сүйші мені,
Суырылсын көмейім.
От құшақта,
Сүй, құшақта,
Есім ауып өлейін.



Пікірлер (1)

Жаклин

Мен негізінен осы Бернияз Күлеевті зерттеуші едім. Ғылыми жобамен жарыстарға барып жүрмін. Бұл кісінің өлеңдерін де болашақта тңлдік стильдік тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізсем деп ойлаймын. Өоеңдерін оқулықтарымыздан көргім келеді.Сонымен қатар, бұл кісі ғалымдар тарапыннан толық зерттелуді қажет етеді.

Пікір қалдырыңыз

Мен естіген көп адам

  • 0
  • 0

Мен естіген көп адам
Өсіресе ақындар,
Тойған болып дүниеден,
«Құрсын» деп «тұрмыс» тақылдар.

Толық

Мен саған жат қыр баласы

  • 0
  • 0

Мен саған жат қыр баласы,
Қырда тудым, қырда өстім.
Таулы, тасты айналасы,
Көлде жүздім, су кештім.

Толық

Ертеректе ер жүрегім

  • 0
  • 0

Ертеректе ер жүрегім,
Ізгі, еркін, ерке еді.
Бар үмітім, ен тілегім
Мәңгі сондай... көрік еді.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер