Өлең, жыр, ақындар

Мінездің сан қыры бар

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 495
Мінездің сан қыры бар,
Жасығы албыры бар,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық тағдыры бар.
Бір-бірін танымас та,
Шыңдардың өрі таста,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық жолы басқа.
Тартады бірі жасқа,
Ал бірі – ірі жаста,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық түрі басқа!
Құйындай көңіл ұйтқып
Ал, бірін өмір ит қып
Поезбен келе жатыр
Қаншама өмір жүйткіп!
Жүрек пен жанды жиған,
Алуан сан бір иман,
Қанша адам бір поезда,
Соншалық тағдыр сиған!
Алдынан нұр көреді,
Ал бірі сыр көреді,
Қанша адам бір поезда,
Бір тоқтап, бір желеді.
Бірге асты іштім деңіз,
Бір мініп, түстім деңіз,
Бар өмір бір поезда,
Поездың үстіндеміз!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адам

  • 0
  • 0

Оятады шексіз аспан күнді көк,
Ай мен жұлдыз қоршап жанған түнді көк.
Әрбір Адам – бір-бір әлем құпия,
Мәңгілікке – мәңгі келген бір жүрек.

Толық

Вальс үні – таңғы арай

  • 0
  • 0

Вальс үні – таңғы арай,
Қызғалдақтар билеп жатыр көңілдерге күй еніп,
Сезбедіңдер, мұңаймаған жандар-ай,
Ол тұрғанын балдағына сүйеніп,

Толық

Қамбаш толқыны

  • 0
  • 0

Түседі Қамбаш десем өніп-өскен
Туған жер, туған ауыл жерім еске,
Өркеш-өркеш өрелі құмдарындай,
Толқыны көкке ұмтылған көлім еске.

Толық

Қарап көріңіз