Өлең, жыр, ақындар

Керуен сарай

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 429
Кейде ағат, кейде барлап байқағым кеп,
Кейде артық, кейде кемдеу айтамын деп.
Адаммен ара қатынас жолдарымды
Жүремін бұзып алып, қайта жөндеп.
Қиямет қайым керуен жолдарымның,
Көшінде, алға тартқан арманымның.
Жүктері ауып қалып жүреді әр кез,
Өркеші айыр атан, нарларымның.
Өрілген қамшы жолдар өрге тартып,
Кең далам, қайда жүрсем, төрден де артық.
Жүктерім ауып қалса, аялдап сәл,|
Келемін жол-жөнекей теңдеп артып.
Дос-дұшпан қиянатын кешірген ем,
«Ғұмырым босқа өтіпті-ау есіл» — демен.
Жүктері әр кез ауып, жөнделетін
Қызықпын керуенсарай, көшімменен.
Не шығар ботадайын боздағанда,
Өкінбен жұрттан ылғи озбағанға.
Әлемге жете алмасам арманым жоқ,
Көп болса, қалар көшім өз Даламда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алты алаш

  • 0
  • 0

Ұтылады, ұтады,
Бірге ауаны жұтады.
Ағайыным,
Алты Алаш,

Толық

Бейбіт құсы

  • 0
  • 0

Қарлығаштай қиял-арман,
Көкжиектен – қиялардан,
Бейбіт құсым самғай ұшшы,
Балапандай ұялардан.

Толық

Айналдым сенен, аппақ қар

  • 0
  • 0

Талай қыс өтті, талай жаз,
Маусымдық ғұмыр қалай аз,
Айналдым сенен, аппақ қар,
Айналдым сенен, сарыаяз!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар