Өлең, жыр, ақындар

Айналдым сенен, аппақ қар

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 654
Талай қыс өтті, талай жаз,
Маусымдық ғұмыр қалай аз,
Айналдым сенен, аппақ қар,
Айналдым сенен, сарыаяз!
Сарыаяз қолын тұр сілтеп,
Есікті ашпас кімсің? – деп.
Үлпілдеп жауды аппақ қар,
Үлпілдеп жүрек дүрсілдеп.
Сезімнің бұлтын аудырып,
Аққардан әсем тау құрып,
Аяулым, келдім мен саған,
Алдыңа ақ қар жаудырып.
Жер бетін малып ақ қарға,
Жапалақ ақ қар жапқанда,
Билігін құрар қыс патша,
Желтоқсан, Қаңтар,Ақпанда.
Жастықпен ғұмыр кешкен ек
Ерте ме, әлде, кеш пе, деп.
Терезең қақтым, махаббат,
Аязбен әйнек кестелеп.
Сезімнің бұлтын аудырып,
Аққардан әсем тау құрып,
Аяулым, келдім мен саған,
Алдыңа ақ қар жаудырып.
Көрсетіп шыңдар өркешін,
Қарсы алды боран еркесін.
Таулар да ақ қар жамылған
Далам да қымтап көрпесін.
Көрдің бе өмір өлшемін,
Аппақ қар жаным бөлшегім.
Есікті қақтым, махаббат,
Жаңа Жыл болып мен сенің.
Сезімнің бұлтын аудырып,
Аққардан әсем тау құрып,
Аяулым, келдім мен саған,
Алдыңа ақ қар жаудырып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн мен түн

  • 0
  • 0

Түн мен күннің арасын
Жалғадым осы жырменен.
Қөздің ақ пен қарасын
Бөліп алған нұрлы әлем.

Толық

Ай, өмір-ай, өмір-ай!..

  • 0
  • 0

Ай, Өмір!
Жеткізбейтін жүйріксін.
Өмірдегі тұлпарым,
Көгімдегі сұңқарым,

Толық

Әйел

  • 0
  • 0

Өмірге келгеніме өкінбеймін,
Бар биікке жетем деп бекінбеймін.
Қарлығаш ұя салып жүрегіме,
Жүрегімді аялап отыр мейірім.

Толық

Қарап көріңіз