Өлең, жыр, ақындар

Дала тұлпары

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 511
Даламның тұлпарлары жосылды ағып,
Бейне бір көкте жұлдыз қосылды ағып,
Шапқан ат бауырына тартып жерді,
Дүние дөнгеленді сосын барып.
Ат басын қоя берді желге беріп,
Тақымы жабысқандай ерге берік,
Шабандоз көңілінде айналды жер,
Тұлпарлар тұяғымен дөңгеленіп.
Оянар намыстардың қалғығаны
Даланың шапқан ат-ау бар құмары.
Кең дүние ығысып кейін қалып,
Арманның алға асыққан арғымағы.
Дүбірлі тұяқтардың күйін қалап,
Шапқан ат шабысына сүйінді алап,
Арғымақ бауырында дауыл есті,
Арғымақ бауырында құйын борап.
Көрінді, әне, борандай бұрқап алып,
Ұшардай қанатымен шырқап алып.
Болашақты бетке алып бұл өмірде,
Келеді кең даланың тұлпары ағып!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанша заман осылай жер басып ең

  • 0
  • 0

Қанша заман осылай жер басып ең,
Туған елім қашанда төрге асық ең,
Осылай хандық дәуір аяқталып,
Өткен ғасыр кезікті Елбасымен!

Толық

Кетем дедің

  • 0
  • 0

«Кетем дедің.
Кетсең кет!
Мен өлмеспін.
Күндер кештік.

Толық

Поэзия падишасы

  • 0
  • 0

Құдірет жоқ ғаламнан,
Бұл өмірдің бәрі арман,
Поэзия падишасы – лирика,
Құмнан, жерден жаралған!

Толық

Қарап көріңіз