Өлең, жыр, ақындар

Поэзия падишасы

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 472
Құдірет жоқ ғаламнан,
Бұл өмірдің бәрі арман,
Поэзия падишасы – лирика,
Құмнан, жерден жаралған!
Бар шуаққа бөленген,
Өрілетін – өлеңмен,
Поэзия падишасы – лирика,
Таудан, шыңнан көрем мен!
Шыңдар ғана таласқан,
Таза мөлдір –таза аспан,
Поэзия падишасы – лирика,
Жұлдыздардың арасынан адасқан.
Тәңір бар ма құпияны өзі ашқан,
Жанр бар ма лирикадан сөзі асқан,
Поэзия падишасы – лирика,
Бәйшешектей көз ашқан.
Поэзия –ұлы әдебиет анасы,
Осы болар сөздің болса данасы,
Поэзия падишасы – лирика,
Бүршік пенен жапырақтың арасы.
Бірде бұлттап жауындар,
Бірде желдеп дауылдар,
Поэзия падишасы – лирика,
Ән мен жырдай бауырмал.
Патшалығын ән мен жырдан саз құрған,
Тау кеніндей терең бойлап қаздырған,
Поэзия падишасы – лирика,
Құдіреттің өзі қолдап жаздырған!
Ажыратып көздің ақ пен қарасын,
Елестетер әрбір елдің даласын.
Поэзия падишасы – лирика,
Жалғап тұрар Аспан-Жердің арасын!
Өмір тұнған гүл әлем,
Поэзия – бұл әлем,
Поэзия падишасы – лирика,
Сол лирика мына Мен!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шөлдедім..

  • 0
  • 0

Шөлдеп жүрген мен бір жанмын,
Дала деген тағдырданмын.
Сан мұңайып, сан қуандым,
Мен бар жерге жаңбыр жаудың.

Толық

Көкбөрінің тағдыры

  • 0
  • 0

Көкбөрі бұл жортып жүрген жаһанда,
Бәлкім оның күні бір күн батар ма?
Бәлкім оның күні бір күн атар ма?
Көкбөріміз жортып жүрген жаһанда.

Толық

Көктегі биіктермен теңесіп ем

  • 0
  • 0

Көктегі биіктермен теңесіп ем,
Желгенде жан-жағымнан жел есіп ең.
Балалық шақ өмірге сапар кешті,
Түйе дейтін жол дала кемесімен...

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер