Өлең, жыр, ақындар

Үш дос немесе шырылдайтын сағат туралы жыр

  • 03.04.2022
  • 0
  • 0
  • 410
Жарасқан жайсаң жастық кез болатын,
Тілеулес көңілдерге көз қанатын,
Бір-бірінсіз өтпейтін уақыт та,
Сағаттың үш тіліндей қозғалатын.
Осылай зулап уақыт ағындады,
Өткеннің ізі ғайып сағым бәрі...
Жастықтың жайқала өсті үш гүлі де,
Студенттік өмірдің бағындағы.
Сол бақтағы дос сезім оттай жанып,
Жана-жана ақыры тоқтай ма анық?..
Уақыт үш тіліндей дос көңілдің,
Жүректері бір сәтке соқпай қалып.
Қинаған ерке қыздың жалқысы еді,
Тағдырдың бұл басталған тартысы еді,
Уақыт тілі — үшеуі сол сұлумен
Кезіккенде—
Жастықтың тал түсі еді,
Секундтың мінезі бар безектеген,
Минуттың сыры аз-ау сөз етпеген.
Сағаттың аясында тез өтпеген.
Бір-біріне қия алмай сол еркемен.
Үшеуі қыдыратын кезекпенен.
Кезекпенен өтетін кеші қандай!
Өршіген от сезімді өшіре алмай.
Секундта,
Минутың да,
Сағатың да,
Сол қызды сүйетін-ді есі қалмай.
Кезінде байқалмайтын,
Залалы жоқ,
Ойыннан ұшқын атып жанады ма от?
Бір-біріне қия алмай жалғыз гүлді,
Үш көңіл де қалыпты «жаралы» боп...
Кінәлі Сағат па еді?
Кім кінәлі?
Кінәлі Минут пе еді?
Кім кінәлі?
Кінәлі Секунд пе еді?
Кім кінәлі?
Үшеуі үш жаққа бұлқынады.
Қызғаныштан өртеніп үш досың да,
Ашты уақыт алдында сырын бәрі,
Минутың басқа тұсқа қырындады,
Секунд та сырт айналды,
Бұрылмады.
Ғашықтық — қоңырау тіл кез болғанда,
Үш тіл де УАҚЫТ боп шырылдады,
шырылдады,
шырылдады...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сәлем

  • 0
  • 0

Әрбір күнім басталады сәлеммен –
Таңда тұрып саулық сұрар бар елден.
Дүниеге нәресте үні – іңгәлап,
Амандасар ең әуелі Әлеммен!

Толық

Білесің бе сен

  • 0
  • 0

Білесің бе сен,
Мен жаңа ес білгенде,
Сен-періште едің,
Балауса едің.

Толық

Ойлар да көктен самсайсың

  • 0
  • 0

Ойлар да көктен самсайсың,
Бостандық тілеп аңсайсың.
Шаршатады бұл өмір,
Әйеліңнен де шаршайсың.

Толық

Қарап көріңіз