Өлең, жыр, ақындар

Ғылым туралы

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 14004
Мысалы дүние - теңіз, ғылым - кеме,
Кемесіз терең суға түсем деме.
Толқыны тауға ұқсаған мына заман,
Сезе ме мұны даңғой жаһил неме?
Суы ащы бұл теңіздің, іші жайын,
Толқыны төңкерілер барған сайын.
Қауіпсіз балық аулап пайдаланар,
Сенімді кеме болса кімде дайын.
Кемеде болмау керек саңылау, тесік,
Мақтанба желқайыққа кеме десіп.
Жел соғып көтерілсе, жоқ боларсың,
Толқынның түрі жаман жатқан көшіп.
Балық бар бұл теңізде неше тармақ,
Байқамай оған дағы салма қармақ.
Астың теңіз, толқынмен дос емессің,
Бір мышты кеме қып ал өзіңе арнап.
Кемесіз суға кетер арандаған,
Себепсіз ешбір нөрсе жаралмаған.
Малтумен көрген күнің құрып қалсын,
Ұят қой анда-санда қараңдаған.
Шалағай жанның қасы жыртық қайық,
Бір күн жел, сеніп болмас, бір күн айық.
Астың - теңіз, үстің - жел, дос емессің,
Қарбайып әлек болма қанат жайып.
Толқынға кемеменен ыңғайлы бол,
Бір білгіш морякпенен ұстасып қол.
Ғылым - кеме, көңілдің тиянағы,
Әне, жаным, сөйткенде табасың жол.
Қазаққа келген жанның бәрі төре,
«Ақ жүрек аңқылдаған» өмір бере.
Көзсіз құдық сияқты о да тапшы,
Жетілген екен деме оны көре.
Пікір қыл көрінгенге, шықсаң үйден,
Айни көр, тілімді алсаң, надан күйден.
Малым жоқ бөлек ауыл кондыратын,
Енші осы, ойла, балам, саған тиген.
Теңіздің тереңінде садып пен дүр,
Тілімді ал, қанағат қыл, әдеппен жүр.
Ғылым - дана, өмірде қор болмайсың,
Жаманмен жолдас болма, жақсымен жүр.
Кәсіп қыл, ғылым берер, іздесең жем,
Болмайсың таза жүрек ешкімнен кем.
«Күннен де білім жарық» деген мақал,
Соқыр кісі болмайды көздімен тең.
Кісінің, менше, балам, хақын жеме,
Түбінде жарамайды жегіш неме.
Тірі күнде құтылдым қарызымнан,
Артымнан «әкем айтпай кетті» деме!



Пікірлер (1)

Сырым

Өлең өте керемет!

Пікір қалдырыңыз

Қалың мал туралы

  • 0
  • 0

Адамға Хауаны арнап жаратты Хақ,
Ғибрат түп атаңнан ойланып бақ.
Әлемнің тұңғыш ұлы, тұңғыш қызы -
Бұлардан басқа жандар келмеген шақ.

Толық

Өлім туралы

  • 0
  • 0

Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,
Қазір біз тексерусіз жүрміз жайға.
Тірлік бітсе, өлмегің шын емес пе,
Бұрынғы ата-бабаң - бәрі қайда?

Толық

Тәуірбек болысқа

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкүм, Тәуірбегім!
Мақтауға арғы атанды ауыр келдің.
Үшкілдір арғы тегің қалмақ еді,
Желқомдап мініп келген жауыр көгін.

Толық

Қарап көріңіз