Өлең, жыр, ақындар

Өлім туралы

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 8270
Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,
Қазір біз тексерусіз жүрміз жайға.
Тірлік бітсе, өлмегің шын емес пе,
Бұрынғы ата-бабаң - бәрі қайда?
Сыбызғы, сырнай қызық әлі-ақ кетер,
Білдірмей жүргеніңде ажал жетер.
Бақи санап жүргенің бәрі фани,
Өкініш сонда қалар, өмір өтер.
Өлімнің жанды затқа болмағы хақ,
Өлімге өлшеулі дем арналған шақ.
Тірлікті босқа өткізбей ғапылатпен,
Өлімді ойлау керек осынан-ақ.
Ойнама, жанды мақұлық, өлімменен,
Айырар туып-өскен жеріңменен.
Ал достым, адалдықтың мақамын тап,
Таныс бол өлмей тұрып көріңменен.
Өлімнен бұрын, өлмек қамын ойла,
Санаулы аз өмірді босқа жойма.
Қабірге түлкі ішікпен ешкім кірмес,
Жағасыз ақ көйлекті пішер бойға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалың мал туралы

  • 0
  • 0

Адамға Хауаны арнап жаратты Хақ,
Ғибрат түп атаңнан ойланып бақ.
Әлемнің тұңғыш ұлы, тұңғыш қызы -
Бұлардан басқа жандар келмеген шақ.

Толық

Лермонтов көкіректі, көзді туған

  • 0
  • 0

Лермонтов көкіректі, көзді туған,
Білмеген айырмайды уды судан.
Бетіне данышпанның күйе жағып,
Не түрлі сұмдық шықты бала қудан.

Толық

Шұғбанға

  • 0
  • 0

Шұғбан, мұнша неге жаттың жайға,
Сабақты сатқаның ба ет пен шайға?
Зинаһар жаным, кешікпей тез қайта көр,
Кейінгі оздырарсың келген тайға.

Толық

Қарап көріңіз