Өлең, жыр, ақындар

Өмір де теңіз екен

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 560
Өмір де теңіз екен
Теңіз де, мұхит-көлмен егіз екен,
Су, ауа бар тіршілік негізі екен.
Артып тірлік тертесін мойынға сап,
Кей адам арба сүйрер өгіз екен.
Домалатқан мал боғын әуреленген,
Кәдімгі кейбір пенде қоңыз екен.
Алдағысын ойланбай аунай кетер
Қарны тойған кей пенде доңыз екен.
Өмір барда ақиқат өлім бары,
Дүние күңіренген қобыз екен.
Соқпағы мол біз жүрген жолдарымыз
Аталар салып кеткен сол із екен.
Ата-баба ұлтымның абызы екен,
Пайғамбардай абызым нағыз екен,
Өткен жолы ертегі аңыз екен,
Ел-халқының алдында борышы көп,
Тірі жүрген бар ұрпақ қарыз екен.
Аз ғана өмір сүрген күні үшін
Сатқандар ұлттың тілін жауыз екен.
Беймәлім бұл өмірге келіп кеткен
Дәні жоқкейбір пенде қауыз екен.
Былғайтын жап-жарық бұл дүниені
Жүрек емес, ластайтын ауыз екен.
Қолдан келсе халқыңның қамын ойлау,
Құдайдың алдындағы парыз екен...
Өмір бұл бәйгесі көп жарыс екен,
Ғұмыр бұл екі-үш сүйем қарыс екен,
Армандар ай-жұлдыздай алыс екен.
Адамның көзі жетпес шексіз әлем
Жұмбақ сыр беймәлім бой таныс екен.
Ұлты үшін басын оққа тіге-тұғын
Халқы үшін құрбан болған арыс екен.
Не болса содан үркіп, қорқып жүріп
Қоянды өлтіретін қамыс екен.
Дұшпанын сала-тұғын табанына
Сарбазды ер ететін намыс екен.
Уақыт толқындаған өзен — дария
Өмір бұл қайта оралмас ағыс екен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көсем анасы

  • 0
  • 0

Атқанда —
Сәуір таңы шуақтанып,
Жатқанда —
Жанарлы шақ күй ақтарып,

Толық

Менің жаным

  • 0
  • 0

Менің жаным — қарапайым өмірдей,
Менің жаным — жұмбақ әлем-көгімдей:
Жұлдыздары жатар кейде жарқырап,
Жұлдыздары жатар кейде көрінбей.

Толық

Бейбіт құсы

  • 0
  • 0

Қарлығаштай қиял-арман,
Көкжиектен – қиялардан,
Бейбіт құсым самғай ұшшы,
Балапандай ұялардан.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер