Өлең, жыр, ақындар

Баянды өмір бақыт қой

  • 30.03.2022
  • 0
  • 0
  • 958
Баянды өмір бақыт қой,
Тұлпар еткен құлынды.
Адамға — өлшем Уақыт қой,
Таразылар ғұмырды.
Күндер де бір баянсыз,
Не болғаны белгісіз.
Қайда оны жаярсыз,
Шындыққа да бергісіз.
Баянсыздық желге ұшар
Кезіп жүрген қаңбақтай.
Баяндылық қол қысар,
Кез болғанын аңдатпай.
Баянсыздық — аяғың
Желге ұшқан сөз болар.
Іздеп өмір баянын
Ажалға адам кез болар.
Кейінгі ұрпақ біле біл,
Білмей біздер ұмтылдық.
Баянды ма бұл өмір,
Баянсыз ба қу тірлік.
Бір аттатпай зіл-зала
Аяғымыз – жеңгенде.
Келер ұрпақ бір ғана,
Баянымыз — сендерде!
Толқын өнер арнасы
Сыйынуда ұлы Жер.
Баянды өмір жалғасы,
Иығында ұлы Жер.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана туралы баллада

  • 0
  • 0

Туған жердің топырағынан жаралған,
Адам, сені күткен Тау мен Дала алдан,
Бұл ғұмырдың басында ұлы Ана тұр,
Өмір жолы басталады Анаңнан!

Толық

Солтүстігім...

  • 0
  • 0

Қарағанды,
Қостанай,
Өскеменім,
Қарқаралы басынан

Толық

Есімде, бәрі де есімде

  • 0
  • 0

Есімде, бәрі де есімде,
Өмірдің керуен көшінде,
Шомылды балалық шағымыз,
Теңіздің толқынды төсінде.

Толық

Қарап көріңіз