Өлең, жыр, ақындар

Бойыңа шақ болмысыңа жүгінсең

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 382
Жаман да емес жанып-күймек сен үшін,
Сен арқылы сергітіп ел cepiciн.
Асып-тасып кетпесе тек, шіркін-ай,
Шүкірлікпен шүйіркелесер ішің!..
Мерейтойың, мансабы зор жақтасың
Ұлы адам деп екі жақтан мақтасын.
Шын сол екем демесе тек, шіркін-ай,
Соған бола соқыр көзің, ақ басың!..
Мен сияқты шалға айтылар осы өлең
Саған сабақ болса, дұрыс өсер ең.
Құлдан шыққан құдіретті туысың
Ecipтпece, қай бетіңмен бөсер ең?!
Шамадан тыс мақталып ең алпыста
Жарамсақтар жаппай құшып ол тұста.
Содан бepi құдай саған деген бе
Ынсабыңды мықты ұстамай, олқы ұста?..
Содан бepi жанды көзге ілмейсің,
Ендігі адам бас парызын білмейсің,
Бұл күндері жіті көздер алдында
Бар болғаны сен өзіңмен бірдейсің.
...Қашан ғана біз осыны ұғамыз?
Қашан ғана күткен жерден шығамыз?..
Жақсартам деп өз болмысы өлшеулі
Қолқамызға қолды бекер сұғамыз...
Жүз халықтың қасиетінен сұрыптап
Бip халыққа қажет содан сыр ұтпақ.
Kөpiп отыр көңілі ояу, көзі ашық
Қай патшадан қалып жатыр шipiп тақ.
Қой, ағайын, мына заман өлшемін
Ұғып өлciн жасы жетіп өлсе мың.
Қорқытып, не қорқып айтқан кешегі
Ұраныңа ұқсамайды ол сенің.
Халық үшін қандай ұлы қазағың
Жеңе білді долы тәртіп дозағын?..
Пейіш кімнің сыбағасы...
өзі айтсын,
Бip құдайға тапсыралық о жағын...
Бойыңа шақ, болмысыңа жүгінсең,
Бүлінбесең, бүгін адам — бүгін сен!

Мамыр, 1997 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әулие мен әулеті

  • 0
  • 0

Кісіміз бе осы біз, кісіміз бе,
Із жатқандай бабадан iciміздe?..
Патшаларын жат жұрттың жатқа біліп,
Бабамызды көрмеген түсімізде

Толық

Ақын Ғалиға

  • 0
  • 0

Жылдары жырмен ашылған
Орманның ұлы, тау ұлы!
Байқасаң, бұрқап басылған
Арттағы күндер дауылы.

Толық

Есірткі еске түскенде

  • 0
  • 0

Оралады ойға сыр алыстардан
Ат үстінде өлең-жыр, ән ұстарған.
Адамына бейтаныс ат арытып
Заты мәлім талайғы таныс барған.

Толық

Қарап көріңіз