Өлең, жыр, ақындар

Есірткі еске түскенде

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 319
Оралады ойға сыр алыстардан
Ат үстінде өлең-жыр, ән ұстарған.
Адамына бейтаныс ат арытып
Заты мәлім талайғы таныс барған.
Танысына бейтаныс жылқы жыққан,
Кімдер ләззат алмаған бұл қызықтан.
Күнде солай дос тапқан сал, cepiнi
Таң атқанша талайдың ұл-қызы ұққан.
Ондай кештен таң тұрғай өле-өлгенше
Өмірінде шаттығын өлең бөлсе
Қайтер едің?..
Қайтер ең қайғы-шерді,
Ән дарытқан сиқырдан ол емделсе?..
Кемел шабыт келсе де қай тараптан,
Жас ұрпаққа қазынасын қайталатқан.
Азабында олардың айырма жоқ
Қайда салсаң қажымас қайсар аттан.
Өршеленген сол қуат өнердегі
Өсиет болған абызға өлердегі.
Анты болған айнымас махаббаттың,
Cepтi болған семсердің ол ердегі.
Не көрінді сол күшті арытқандай?..
Одан асқан бұл елде алып қандай?..
Ашынбас ек осынша жүрсек бекер
Алыптардың қасиетін алып қалмай.
Құран сөзі ceкiлдi қасиетін
Хатқа түздік бар ғалам бас иетін.
Tipi өнерге құл болмай, құқың қайсы
Өліге арнап алаңға тас үйетін?!
Сенген қойым, сен қайда?..
Кітап қайда?..
Қасіреттен кім тапқан жұтап пайда?..
Жастық шағын өзінше жанбас па еді
Есірткінің өртімен тұтатпай да?!
Тамырыңа тажалдың құйып асын,
Қыршыныңнан оп-оңай қиыласың.
Оқытасың атаңа жаназаңды,
Саған құй ұнамасын, күй ұнасын...
Қашан құдай тексеріп, тергер үнді, —
Кімге берем тірнектеп тергенімді?..
Heciнe шал eciкте тұрып қалмай
Өз төбесін төмпештеп төрге мінді?!.

Қараша, 1995



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Байтақ Қазақстаннан

  • 0
  • 0

Бүгін біздің байтақ дала ipeңдi,
Кешеп күн көзден кетпей тұр енді.
Даңқты жылда біздің елу төртіншi
Шықпен жуып түзге салдық түренді.

Толық

Менің философиям

  • 0
  • 0

Үндемей, төмен үңілсем,
Kөзiмдi жұмсам, ашсам да,
Таппайсың, көңіл,
тыным сен,

Толық

Биші қызға

  • 0
  • 0

Iciм жоқ дозақ, пейіште,
Құлы емен құрғақ елестің
Өзіңнен өзге пepiштe
Қанатын көрген емеспін.

Толық

Қарап көріңіз