Өлең, жыр, ақындар

Романс

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 507
Махаббат, бip сен үшін өліп-өштік,
Жаңылсаң жазатайым, оны кештік.
Болсын деп бұл фәниге сен риза
Дүниеде жоқтан барды жонып өстік.
Сыйладық бір саған жұрт аңсағанды,
Айтсаң да жатырқамай жансақ әнді
Жұмсадық құдіретіңді мадақтауға
Жұрт білген жаны таза жаршы ағаңды.
Жұлдыздай жарқыраған сен аспанда,
Ол дәурен отпен, сумен санасқан ба?
Ортеніп алтын сандық көлге түсті,
Біз сені бip-aқ білдік соны ашқанда.
Аңғармай алаң-ашық іргені біз,
Жат жұртқа жүрек сатып жүргіміз,
Алланың есебінде. Шын махаббат!
Бізге жетпей, жылап тұр бір деміңіз.
* * *
Мұң бардай мұнша сұлу жүзіңізде,
Белгісіз реніштің iзi бізге.
Мұңымның дегендейсіз құпиясын
Үрдістен үйреншікті үзіп ізде.
Опасыз оқыс өмір қиянатын
Жүктеуге жан емессіз қия алатын.
Жүктеуге жан емессіз қия алатын
Шықса да шырқап арсыз қияға атым.
Күнәһар емеспін деп бекіндіңіз,
Періште қалпыңызға өкіндіңіз.
Басқа сөз айтпадыңыз. Таппай қалдық
Бұдан соң сізге беттер өкілді біз.
Бұдан соң жүзіңізбен қауышпадық,
Пендені жазғырудан ауыспадық.
Әркімнің өз басына қарсы тұрар
Бір-бірден ет-жүректе жау ұстадық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Маған жат — тынбақ, сарқылмақ,
Қалжырап көрген жоқ жаным.
Өтермін өзім жарқылдап,
Өзегім толы ақ жалын.

Толық

Ойнаңдар

  • 0
  • 0

Ойнаңдар, балғын бөбектер,
Бiз ойнап өскен бақшада;
Бақытқа ұя біздің жер,
Дұшпаным күндеп бақса да.

Толық

Серікке хат

  • 0
  • 0

Смайылдың Cepiгi делінесің,
Айта алатын керексе еліне сын.
Бұның дұрыс-бұрысын eкi бөліп
Жіктеуге сен әдейі ерінесің.

Толық

Қарап көріңіз