Өлең, жыр, ақындар

Серікке хат

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 643
Смайылдың Cepiгi делінесің,
Айта алатын керексе еліне сын.
Бұның дұрыс-бұрысын eкi бөліп
Жіктеуге сен әдейі ерінесің.
Cepiктігің әкеңе азырақ та,
Жұртқа көбірек екенін ажыратпа.
Дей алмассың: Аз жүрдің өз үйінде
Miнe шауып арқасы әзip атқа.
Eciміңнің бас әрпін кішірейтсем
Үлкейесің өзіңнен үш рет сен.
Басқа сондай Сepiктi таба алам ба
Бұл ел тұрғай, Шын, Мәшун, Мысыр өтсем?!
Отырғам жоқ бұлай деп epiккeciн,
Қорғасындай сен мені еріткесін.
Амалым жоқ, демеске шайқылардың
Азабына сенім де, cepiк те-сің.
Сен cepіксің марқұмдар рухына,
Бұл шындықтың мағнасын бұру күнә.
Сан мұраны жадында сақтап оқу
Жүгіністей жүз мәрте бip ұртына.
Саспайсың сен, жәй аттап жүрісіндей,
Іс қыласың кімге де ipiciнбей.
Жатпағы бар табиғи ыза-кектің,
Бipi ciңce бойына, бipi сіңбей.
Бұл қасиеттер, бөспеден қосы бөлек,
Сарапшының сиқырлы досы дер ек.
Даңғазадан ұзақ жыл титықтаған,
Біздей тозған төзімге осы керек.
Жетпісіңе бұндай сөз арналғаны —
Fұламалық ғұмырың ар болғаны.
Тежелме тек, Серікжан! Әлі бізгe
Айдаһардың керектей арбалғаны!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құрманғазы (Эпилог)

  • 0
  • 0

Оқушым! Өзің соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы ол ғасырды?!
Ал сонау ата күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің жүрегімен жалғас ұрды.

Толық

Алғашқы күні

  • 0
  • 0

Аспан ашық,
Алғашқы
Оқу күні қияда;
Көше бойлап, ағашты

Толық

Журналист сөзі

  • 0
  • 0

Газетім, ой жарығын
Зердеме жұлдыздай жаққан,
Бip сенің аналығың —
Өзіме өлгенше мақтан.

Толық

Қарап көріңіз