Өлең, жыр, ақындар

Сұрақтарға жауап

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 469
Неліктен артық сөзің арам астай,
Қойса да ертең доспен араны ашпай?
Қалғанын сезесің дос жүрегінің,
Бүгін дәл кешегідей араласпай.
Неліктен бip көргенде ұнатасың
Білмей-ақ, өз әкeciн, ұлы атасын?
Өзімшіл болмаған соң, болмысыңды
Онда бар, сенде жоқпен жұбатасың
Неліктен ұялшақ қыз көзқарасың
Көргенде соны өзіңнен қызғанасың?
Қызғынып epiктен тыс еркек қанын,
Ішіңнен тым дөрекі қозғаласың
Білмей-ақ, кімнің қанша түзепті iciн,
Неліктен әкімге сен iзeттiciң?
Лауазым ездің орны емес деген
Сенімнің босағасын күзетті iшiң.
Бойына айтқан ақыл бip сіңбейтін
Неліктен жаманым да жүрсің дейсің?
Бықсытып бip жағында ол жүрмесе
Бас шайқап беталбаты күрсінбейсің.
Сұраққа жауаптар көп бұл секілді,
Бұған тек әулекілер күлсе күлді.
Әулекі күлмес еді-ау,
Күйгелектеу
Бізде бар, өзінде жоқ білсе тілдi.

Қаңтар, 1997



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Эмблема

  • 0
  • 0

Көргенімді баян қылам,
Келмейді оны сырлағым да.
Талып жатыр ұзын жылан
Тау-бүркіттің тырнағында.

Толық

Қиянат пен қиял

  • 0
  • 0

Қыр соңымнан қал маған қиянатқа,
Қасақана мінгізсе қиял атқа,
Еппен шыққан болар ем ат қинамай
Қиын шоқы басына қиялап та.

Толық

Шопан туралы монолог

  • 0
  • 0

Шопан жанын жөнім бар ұғынатын,
Ардақтаймыз бiз оның бүгін атын.
Сол бейнеткеш адамның әлі талай
Паналайды күндер мен ығына түн.

Толық

Қарап көріңіз