Өлең, жыр, ақындар

Эмблема

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 393
Көргенімді баян қылам,
Келмейді оны сырлағым да.
Талып жатыр ұзын жылан
Тау-бүркіттің тырнағында.
Беш-тау бардым,
Машук бардым.
Малтып жүздік көк көлдерге;
Құз-жартасын ғашықтардың
Құшақтадым көппен бipгe.
Тамам жерде тарлан бүркіт
Әбжыланды қылғындырған.
Көрдім сипап, көзін cүpтiп...
Қандай шебер қол қондырған
Жанарында бip жалын бар
Өмip бойы өшпейтұғын;
Сұлап жатқан сұр залымға
Kiнәci жоқ кеш дейтұғын.
Ол үстінде жартастардың;
Күнде бардым танып соған.
Кеселі екен науқастардың
Әлгі жылан талықсыған.
Шипа суы Эльбрустың
Баланыпты батыр құсқа.
Адам үшін ол күрестің
Таңын көзден атырғыш та.
Kүндi көзден жөнелтеді
Жалқын тауда жалғыз қалып.
Солай қарай жол ертеді, —
Жақын барам, жан қозғалып...
Оған тағдыр ғашық eттi;
Жеткізуге мың сөз керек.
Жатыр онда қacipeттi
Қатты жаншып мұңсыз жүрек.
Білер ме едің, күз басында
Жаным неге қозғалады. —
Мұзбалақтың өз қасында
Мұңсыз жаннан iз қалады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сонау аспан төрінен

  • 0
  • 0

Директордың жиылған
Төбесінде күртігі,
Қардан бейне құйылған
Құлақшыны, кірпігi.

Толық

Дауыл

  • 0
  • 0

Біздер тудық қалада,
Біздер тудық ауылда;
Көшелерде, далада
Жүрдік талай дауылда.

Толық

Қызығым-ай...

  • 0
  • 0

Құрдасым-ай, аз қалған құрдасым-ай,
Баурай берсек еңіс пен қырды осылай,
Біздi туған баяғы көне қыстау
Қунар еді-ау,қомағай қордасынбай!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар