Өлең, жыр, ақындар

Тұрсынзадаға

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 327
Жүректі Ердің алып денесін де
Caқтаған әлмисақтан ел есінде.
Аңызға айналып та тұрған солар
Айтулы заманалар белесінде.
Зор тұлғаң алдыңғыдан аманаттай,
Сен соған әсте көңіл бөлесің бе?!
Miнeзiң — ipiліккe жоламай-ақ,
Жүгірген жас баладай жалаң аяқ.
Сонда да баз біреулер жүрді-ау кеше,
Ceнi емес, саған жапқан жаланы аяп.
Ол күн де секілді еді-ау құрандағы
Жыртылған ақ қағазы жаралы аят...
Иа, сен бip батырдай тұлғалысың
Кеудеңде дарқан жүрек тұрғаны үшін.
Жаралған ақын болып сол жүректің
Түбіне меруерт-маржан тұнғаны шын.
Мен саған тарыққанда табылмас ем
Ішіңді танытпаса тынған iciң,.
Аңыратып Асанқайғы нарға мінді,
Дегендей, біз де қостық зарға мұңды.
Пендеміз, мұңнан бетер ұмытамыз
Жартасты жарған үндi.
Ескерсең, сол да жетер сендер үшін
Таксимен Шұбаратқа барғанымды.
Қайтем мен қадіріңе араласпай,
Саған да қулық-сұмдық арам астай.
Сен — бала, мен — әкедей ықыласпен
Келеміз өмip бойы араны ашпай.
Келеміз өзімізше өлеңдетіп,
Біреудің сыбағасын ала қашпай.
Толыпты жасың бүгін елу беске,
Қалады елу беске келу де есте.
Алыпқа сен секілді Жамбыл жасы —
Тоқсанның тоғызына ену кеш пе?!
Тілейді соны саған алыс жұрт та,
Ауылы мен секілді ерулес те!

27.12.1995 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен өзіммен осылай да табыстым

  • 0
  • 0

Өңім түгіл түсімде көріспеген,
Харекеті өзінше өрістеген,
Құдды патша бip түнде тас қараңғы
Босағамнан бозамық төр icтеген.

Толық

Есболат қытайда жүр

  • 0
  • 0

Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.

Толық

Бақытың ғой

  • 0
  • 0

Жарықтығым!.. Әлдеқашан өлсең де,
Сенен кейін өз бетімше өнсем де,
Жүрегімде жүресің де қоясың, —
Жүpeгiмнiң өлең-жыры бол сен де!

Толық

Қарап көріңіз