Өлең, жыр, ақындар

Мағзом Сүндет хақында

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 300
Еркелік артта қалып әр тұстағы,
Мағзом да Мәке болды-ау алпыстағы.
Сексенде соған шатпын, өз басыма
Келгендей қайта айналып талтүс тағы.
Ішіңді өзің ашпай дос ұға ма,
Білген бұл көңілімнің хошы бола,
Бауырым, барым дерлік ipгeci бар
Ініден қалған жалғыз осы ғана.
Әу бастан қаны солғын бетіндегі
Бұны да мен секілді жетім деді
Аллаға шүкip, бізді мүсіркемей
Жүргендер бізден артық жетілмеді.
Соңымнан ерді Мәкен. Teгiн ізгe
Tүспедi, — тартты бұл да тегімізге, —
Екеулеп өнер дейтін жылқы бақтық,
Жылқыңа, — дедім, — сен де тебін ізде.
Және айттым қан төгіс пен тер төгісте
Еңіреп енгенімді ерте күшке.
Және айттым дөненіңді өрге сал деп,
Желгіш деп жаман ат та жер тегісте.
Солайша кірістік біз қиын icкe,
Жатса да ұйтқып соның құйыны iштe.
Ей, досым, бұның бәpiн жетім бұлақ
Құрдымнан көзін ашқан құйылыс де...
Алға ұстап екеуміз де арымызды,
Жұмсадық жұртымызға барымызды.
Жер екен біз етпейтін дегеміз жоқ
Жолдағы бәpi тас пен бәpi мұзды.
Іс қылдық жанды қинап алқынарлық,
Тас пен мұз арасынан алтын алдық.
Елге біз берген әр күн бағасы бар
Бастатқан атан нарға алты малдық.
Құдайым, eкi етпестей еш тілекті,
Сақтап жүр бізден гөpi ептіректі.
Біз болсақ, екеуміз де eнтігем деп,
Ауыртып алып жүрміз ет жүректі
Қайтелік, қазақ әсте шын ағасын
Ауыр жүк артып солай сынағасын.
Құдайдан бір тілегім, —
Кеуделіден
Кем қылма Мәкентайым сыбағасын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлттар

  • 0
  • 0

Күн төбеден асқанда
Бұлт болады бозарған.
Бұлт болады аспанда
Күн батарда қызарған.

Толық

Көңіл ашар күн

  • 0
  • 0

Күндерімнен, ән-күйі көңіл ашар
Күлгенсіген мезгілдің көбі нашар.
Қалған өмір қайтсе де соңғы белден
Соның да бір сорына көніп асар.

Толық

Кілем

  • 0
  • 0

Өрнекті, түгел түкті, асыл кілем —
Ақ сары, көк пен қызыл-жасыл кiлeң.
Мен де оның бipey құрлым мың заманғы
Ақшадан қымбатырақ бәсін білем.

Толық

Қарап көріңіз