Өлең, жыр, ақындар

Кілем

  • 28.03.2022
  • 0
  • 0
  • 520
Өрнекті, түгел түкті, асыл кілем —
Ақ сары, көк пен қызыл-жасыл кiлeң.
Мен де оның бipey құрлым мың заманғы
Ақшадан қымбатырақ бәсін білем.
Зәуде бұл ұлы тұлға босағасын
Қастерлеп қасиетті қол жасағасын,
Қақ төрде табан талғaп, құптаған ғой
Елбасын, қолбасы мен қос ағасын.
Тақалы табан оның баспай түгін,
Етігін ерлер төмен тастайтұғын.
Әжем де әсемдігін сылап-сипап
Отырып сөзін сосын бастайтұғын.
Бұл күнде бас өзгеше болғасын да
Тақалы табан затты талғасын ба, —
Қыздырып басқандай-ақ сезінем мен
Бip салар бізге қарғыс таңбасын да.
Зинақор маскүнемді жетектейді,
Кілемге малғұндар не төкпейді...
...Кілем де дастарқандай қасиетті,
Қарызсыз ол да парыз өтетпейді.
Ciз бен біз жаралмадық кір елінен,
Сондықтан сорақыға күле білем.
Меніңше, танып-біліп, бағалау шарт
Киесін отбасының кілемінен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қасым Қайсенов

  • 0
  • 0

Әжем айтса ертегінің маңызын,
Тез таусылып қалушы еді таң ұзын.
Ендігіге біздің Қасым Қайсенов –
Ертеңгіден ұзағырақ аңызым.

Толық

Бауырсақ

  • 0
  • 0

Eciмe қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.

Толық

Майдандас достарым хақында

  • 0
  • 0

Басымды имей өте аламын дермісіз,
Бұл зиратта жатыр солдат белгісіз.
Өмip-бақи өшпейтұғын алауы
Әсте мың-сан шырағданға бepгіciз.

Толық

Қарап көріңіз