Өлең, жыр, ақындар

Сирек құбылыс

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 423
Қаны бар ipiлiктeн іріктелген
Заңғардың заты қазақ — түріктерден,
Парызы — ел ықыласын жаулап алып,
Eciккe тағзым етпек тұрып төрден.
Осы бip ән ағзамға құл жүректі
Кем дерсің қай тақсырдан құдіретті?!
Иа, солай Ермек cepi Серкебаев
Құдайдың аманатын құзыр етті.
Ақ, қара, сары нәсіл оған бүгін
Әспеттеп артып қойды қоғам жүгін.
Ел-елде Ермектей үн некен-саяқ,
Ей, қазақ, жүгінсең тек соған жүгін.
Сен көкке көтергенде осындайды
Жан-тәнін жаялық қып досың жайды.
Осындай дербес демің арқасында.
Еңсеңді езе алмаған тосын қайғы.
...Ермекжан, ерке cepi замандасым,
Пайда да бip басыңа залал да сын.
Әрине дұшпаныңа ұнамайсың
Ол күткен олжаны сен ала алғасың.
Алдамшы бақтан бөлек жаратылған
Дауысын жер мен көкте дара тұнған.
Сен де бip құбылыссың!..
Керек жерде
Сендей жан ажалға да ара тұрған.
Кеудеңнен күн қаһарлы күркіреген,
Жалт ойнап, жасын нұры cipкipeгeн.
Алланың сыйлығы сол,
көмекейде
Басқадан басқашалау сыр түлеген.
Байқа тек! Сақтан, шырақ, ібілістен,
Ібіліс бақас сирек құбылыспен,
Қалсаң да жазатайым жансақ аттап,
Таппақ ол қысастықтың қыбын icтeн.
...Ciз бен біз қартаймаймыз, ұлғаямыз,
Ұрпақтар iciмiздi қылғай аңыз.
Иншалла деп айтайын,
Ciз бен біз де
Ғасырлар құжатына қол қоямыз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сонеттер

  • 0
  • 0

Мен үшін киелі едің дала неткен,
Оба да түзде соқпай жанап өткен.
Құрсақтан құм үстіне түскен екем
Қазанда қызыл шақа жалаң етпен.

Толық

Құрманғазы (Эпилог)

  • 0
  • 0

Оқушым! Өзің соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы ол ғасырды?!
Ал сонау ата күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің жүрегімен жалғас ұрды.

Толық

Хатшыларға мінәжат

  • 0
  • 0

Жамбылды хатқа түcipгeн
Аталарым менің — ардағым.
Алыптың солар артығырақ түсінген
Бертінгі бетін, аржағын.

Толық

Қарап көріңіз