Өлең, жыр, ақындар

Айтыскер жас ұрпаққа

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 515
Жаным балам — жас ақыны айтыстың!
Батамдай біл, қайратысың қай тұстың.
Үнің дербес шықпай жатып дей көрме
Алақанға көктен балқып ай түссін.
Байқа, балам! Алдын сыйла алыптың,
Жамбыл жатыр жүрегінде халықтың,
Жүрегінде Жамбылы бар жандардың
Талғамы зор мінезіне қанықпын.
Cөзің не бір ащы, тұщы, тәттісін
Таппағанға әжең талай тақты сын.
Жәкемдері арқасында солар ғой
Сөлді сөздің дәмін талғап татқышың.
Ceнің жеке жаратылған тipлiгiң —
Сұлулық пен тапқыр өнер бірлігін,
Зымыраннан ұшқырлығын сезімнің
Атам қазақ білген бе екен бip бүгін?!
Жо-оқ, сен көңілі көріктінің бәpi үшін
Сан заманның сарапталған нәpiciң.
Сен биіксің! Етек, төсек әзілін
Айтқыштардан алты кеш жер әpiciң.
Десек те біз күлкiгe жұрт құл кілең
Қан қыздырмақ қайраттырақ күлкіден.
Қайрат — қанат, артық айла-шарғыдан
Сол ceбeптi бүркіт жемі — түлкіден.
Саған да сол жедел жігер жіктері
Тауып бақ деп, қиын қызмет жүктеді
Жыршыларға кейде шабыт шындықтың
Пайдасы үшін жығылып та жық деді
Артық-кемді айтса айтсын тақсыр-ақ,
Eшбipeyгe еңкейме сен бақ сұрап.
Әулекені көппен бipгe күлдірмей,
Көп көзінше жылатсаң, сол жақсырақ.
Қанағат ойла, найсапсызға наразым!
Есепке алма несібеңе нан азын.
Аруақ, шабыт — арқалы ақын пәрмені,
Жамбыл — сенің бес уақыт намазын.
Байқа, балам! Алдын сыйла алыптың, —
Жамбыл жатыр жүрегінде халықтың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мойнақтағы таң

  • 0
  • 0

Таң сәріден тұрып мен
Ояна кетсем — бес жарым.
Қайда кеткен түркімен,
Қырғыз, өзбек достарым?!

Толық

Есболат қытайда жүр

  • 0
  • 0

Таң ата көрсем ғажайып
Тау жақтағы терезем.
Тау әжімі азайып,
Жасарыпты жер, өзен.

Толық

Көңіл күйі

  • 0
  • 0

Батыстан сәби ұлынан
Хош иiстi гүл алдым;
Сыбағам — тұз бен жылы нан
Жерінде Хамид Fұлямның.

Толық

Қарап көріңіз