Өлең, жыр, ақындар

Баршынға барар жолда

  • 17.03.2022
  • 0
  • 0
  • 455
Қарт ақын Мұқан Сабиті
Әшекей таудың басында,
Әлдилеп өлең-сәбиді,
Қарайды сонау Баршынға.
Қарайды оты маздаған Жайлауға —
жазық Баршынға.
Ақынның әлі жазбаған
Дастаны сонда барсың ба?..
Қарт ақын жазар дастаны
Онда бip аппақ жарсың ба?..
Бағалап болған басқаны
Әлде бip кәpi жансың ба?..
Әлде бip бала қойшының
Жүрегін ұрлап жүрсің бе?..
Әлде бip асқан ойшының
Арманы қалған жерсің бе?..
Аяулы ақын көзіндей
Оңаша мөлдір көлсің бе?..
Сәулесі өткip сезімдей
Сонау от сенің көршің бе?..
Болжаман оны бұ жақтан,
Баршынға жеткіз, Баршынға.
Іздеген жанға ұзақтан
Данышпан өлең, барсың ба?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Альбомнан – дәптерге

  • 0
  • 0

Достар бар-ау көрген сайын сұрасып,
Ақтаратын ақ ниеттен сыр ашып!..
Солар барда қайран сенің көңілің —
Көп асықтан алшы түскен бip асық.

Толық

Әбурайхан әл Берунидің атына

  • 0
  • 0

У а, Беруни! Мың жыл бұрын өлсең де,
Өлген күнің туған күнге өлшем бе;
Туған күнгі ел атаған eciмiң
Әлі тipi, әлі күнге ол — сенде.

Толық

Бауырсақ

  • 0
  • 0

Есіме қайтып ене алмас,
Желді күн яки тымық күн.
Қай сәтте анам ең алғаш
Бауырсақ берді?.. Ұмыттым.

Толық

Қарап көріңіз