Өлең, жыр, ақындар

Өлемін

Бір күні менде өлемін,
Тоқтайды қызмет денеден.
Мәңгілік жүре бермеспін,
Көмілем қара жерге мен.

Қоштасып әке анамен,
Бауырлар дос жаранмен.
Бір күні менде өлемін,
Ғайып боп мына әлемнен.

Бір күні менде өлемін,
Болмас бәрібір дегенім.
Білмеймін молам қай жерде,
Білмеймін кімнің көмерін.

Бір күні менде өлемін,
Ғажап күн туар сенемін!
Өзім өлсем дым етпес ,
Өлмесе жарар өлеңім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер