Өлең, жыр, ақындар

Махамбет Өтемісұлына арнау

Исатаймен иық тіркесіп,
Жәңгірдің жендеттерімен күресіп.
Осып түсер тілімен,
Ханға қарсы жыр есіп.
Махамбет жүрді сіресіп.

Ханның тірлігі ұнамай,
Жарға итерсе де құламай.
Қахарынан таймастан,
Бас иіп мансап сұрамай.
Махамбет атқан құралай.

Азаттық үшін жан берген,
Өмірге терең мән берген.
Құдіретті тілмен кескілеп,
Поэзияға керемет сән берген.
Махамбет еді ән керуен.

Қайсар жүрек батырлық,
Құдіреті күшті ақындық.
Бір адамның бойында,
Жауына туғызар ақырлық.
Тәуелсіздікті жасаған жақын ғып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз