Өлең, жыр, ақындар

Сіңлілерім

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2021
Жүрсем де ел аралап, таудан асып,
туған жер түтініне арман асық.
Бір жасап қалам ылғи, сіңлілерім
алдымнан шыққан кезде қаумаласып.
Соларды көріп мен де тыныстадым,
тілеймін тасығай деп ырыс-бағың.
Қыздарын қадірлеген халық – дана,
мың алғыс өздеріңе, туыстарым!
Тілеймін күлімдеуін қабағының,
сендерге шашса екен деп дала нұрын.
Еліне мақтан болған қыздар әлі
көрсетер сұлулық пен даналығын.
Арулар ақ отаудың бақ туындай,
кете алмас қызыққаннан жат бұрылмай.
Жақсы әйел елдің сәні, ердің сәні –
айдынға көрік берер аққуындай.
Қуанып мен де бүгін күліп келдім,
өлеңге бәйге болса, үміткермін!
Ойлаймын: бұл жалғанда арманы жоқ
осындай қызды сүйген жігіттердің!
Мұң шалмай күлімдеген нұрлы іреңін,
жайнатып асқақ күй мен жырдың елін,
жігітке көрік болып, серік болып,
жарқырап жүргей менің сіңлілерім!
1992



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сұрбойдақ балладасы

  • 0
  • 0

Пері боп ұшып келемін,
қарға түс жарау дөненім
ақ қардай көбігі шашылған,
Чурайвнадай сұлуым,

Толық

Өсиет

  • 0
  • 0

Қаражау Нарын бойында аты шыққан
шешен, батыр,
әрі қайырымды адам болған деседі.
Оның шешендік

Толық

Қызғаныш пен зұлымдық

  • 0
  • 0

Қызғаныш пен зұлымдық –
бақытсыздың құзыры.
Серігі сол ғұмырлық,
жоқтай өзге қызығы.

Толық

Қарап көріңіз