Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

  • 30.03.2018
  • 0
  • 0
  • 5304
Қаржаудың өлер алдында айтқаны

Қаражау Нарын бойында аты шыққан
шешен, батыр,
әрі қайырымды адам болған деседі.
Оның шешендік
сөздері халық арасына кең тараған.
Дархан өмір!
Баратқаның ба, ей,
күдерімді үзіп көгілдір сағым күндерден,
құр асаулардай құрық көргенде шаңдатып асар құм белден,
алшаңдап жүрген қайран күндердің ақыры
қас-қағым сәтте келетұғынын білген бе ем!
Ажал алдында адамның бәрі аласыз қойдай екен-ау,
бұл жұмыр жерде теңдесі жоқтай қаншама шалқып
жүргенмен.
Түкірігің жерге түспейтін сен бір тірі әулие сынды
болсаң да,
бұлтартпайды екен мынау Ажал деген сұр мерген.
Күн көргенім жоқ
кейбіреулердей жалтаңдап, бұғып, жасқана.
Кеше гөр, Алла, астамдық етсем бақ-дәулетіме мастана?!
Асқақтау көңілім аспандап дәйім, алшаңдай бастым
бас имей
бір Құдайымнан басқаға.
Мен қаншама асқақ болғанмен, жанымнан жылу іздейтін
жалаңаш жүрген аш бала.
Ей, менің үш арыстаным – арысым!
Үшеуің тірі жүргенде, артымдағы елдің бағысын.
Көрде де көңілім тыншымас менің балалы үйлердің
итіндей
таласып жатсаң Қаржаудан қалған тақ үшін.
Сендердің бекем беріктігіңді көрсе дұшпандарың кетер
түңіліп,
жаныңда жүрер алысың.
Ұйтқысыз айрандай ірігеніңді тілеп, қаумалап жүрген
көп жаулар
табалай алмай, налысын.
Еліңе қамқор ер болып өтсең, қастерлегенің де сол
болсын
атаның ар мен намысын.
Мен бүгін өлдім демеймін:
тұлпар тұяғы сендер тұрғанда көңіл де бүтін, бас аман,
алаңсыз аттап өлім қақпасын аша алам.
Ал ертең сендер
қатынша күндеп, бықсық ойлармен жүрсеңдер абзал
досыңның
ту сыртынан көздеп тасадан;
күңкіл күйбеңмен жер-ошақ басының қамы үшін жүрсең
қырқысып…
ондай ездерден ел былай тұрсын, қашады аң.
…Қаржаудың нағыз ит өлімі деген сол болар,
сондай қазадан сақтағай мені жасаған!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан беріп, жан алысар дос іздедім

  • 0
  • 0

Жан беріп, жан алысар дос іздедім,
дос деген ұғымым да тосын менің.
Майысып-қайыспайтын болмысымнан
морт сынбас майысқақтар шошыр керім.

Толық

Әженің жыры

  • 0
  • 0

Шанаға жектім шал жорға,
жарқылдайды тағасы.
Жарқылдаған жағасы
мынау кімнің баласы?!

Толық

Қарсы алдыңда отырмын балқып жаным

  • 0
  • 0

Қарсы алдыңда отырмын балқып жаным,
сезім тұр тасығалы,
жанардағы найзағай жарқылдарын
кірпіктер жасырады.

Толық

Қарап көріңіз