Өлең, жыр, ақындар

Кейде

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 792
Жұрттың бәрі жексұрын –
ер жігіті, таң қызы.
Жақтырмаймын ешбірін,
мені ұқпайды жалғызы.
Елең етіп әр үнге,
қимылымнан сыр аңдып,
сезім емес,
бәрінде
жай бір көрсеқызарлық.
Ортақ емес мұң, жаным –
жасы да алшақ, жат халық:
отырған боп сырларын
маған ғана ақтарып.
Күдіктенем, бал ашам,-
неге маған келеді?
Бір пайдаға жарасам,
сол оларға керегі?
Көрер көзге – бәрі әсем,
балғын жасты сынар кім?
Тумай жатып, қара сен,
пайдашылын бұлардың!
Сөз-бөкпенмен алдадым
мен де бәрін,
саспадым.
Өзім, үйім бар қамым,
керегі жоқ басқаның!
1985



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

«Ондының» оты

  • 0
  • 0

Қиялды баурап қыр-арман,
қызғалдақ - белге шақырдың.
Көзімді аша алмай тұманнан,
адасып келе жатырмын.

Толық

Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі

  • 0
  • 0

Бір құрлық бар түспеген қартаға әлі,
сыйғызардай төсіне сан қаланы.
Ғалымдар да білмейді оны әзірше,
тек арнайы іздеген жан табады.

Толық

Наурыз әні

  • 0
  • 0

Көктемім — көркем арманым,
махаббат, мөлдір таңдарым.
Наурызым жақса шамдарын,
жайдары, жарқын жан-жағым.

Толық

Қарап көріңіз