Өлең, жыр, ақындар

«Ондының» оты

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 785
Қиялды баурап қыр-арман, қызғалдақ - белге шақырдың. Көзімді аша алмай тұманнан, адасып келе жатырмын.
Қыр деген еркін кеңдікпен балауса шалғын деп білгем. Сезіммен жанды сергіткен қыр жаққа тартып кеттім мен.
Бұл жолда маған таң-ғашық шапағын тосып тұр деппін, жаңбыр мен тұман алмасып, адастырарын білмеппін.
Тұманды тылсым жан-жағым, қиналдым сонда дағдарып. Еске сап атар таң барын, көрінді бір нұр жап-жарық.
Жазда да ызғар болады-ау -малтыққандаймын карға мен. Тұманды серпіп сол алау шақырғандай ма таңды әлем..,
Сол отқа сүңгіп жанарым, сайрады қырда сұлу үн. Сезіндім сонда даланың мәңгілік Күндей жылуын!
1980



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылқышы бала

  • 0
  • 0

Құрық алып қолыма,
қамшы салып торыға,
жылқы айдаймын жайлауда,
шаң ілеспей соңыма.

Толық

Белгісіз батырды жоқтау

  • 0
  • 0

Жаудың отын өшірді,
дүниеден көшірді.
Дұшпанның қаны жосылды,
шәйіт болды өзі, ер еді.

Толық

Сандалу

  • 0
  • 0

Араладым әлемнің талай жерін,
табам ба деп шындықтың арайлы елін.
Кезгеніммен жер бетін, кереметті
кездестірмей жүргенім қалай менің?

Толық

Қарап көріңіз