Өлең, жыр, ақындар

Тамшалы

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 505
Не деген ғажап көрік тұрған мынау!? Салғандай шөл далаға жылдар бұғау малшынып қара терге, қара жартас, даралап тұрғандайсың тұлғаңды дәу.
Көп екен, дала, сенде көрмегенім, түсімдей кейде менің өң дегенім. Көңілімнен көп жайыңды тасалапты күндегі бос айқай мен көлденең үн.
Жапан түз су көрмеген ғұмырда түк, айта алмай дала жатыр сырын батып. Мың тамшы, миллион тамшы моншақтайды жартастың шандыр төсін шымырлатып.
Бұл не жас өніп жатқан көн даладан, салған ба әлде әдейі қолдан адам? Болмаса ғұмыр бойғы ашынудан даланың ызасы ма сорғалаған?
Бүл өлке өзен емес, құдыққа бай, тұр нарпоз, жоңышқаға тұнып маңай. Сезбейсің сиқыр сәнін сұлулықтың жанына жанарыңмен жуықтамай.
Айнала - сұр кеңістік, жансыз әрі, жердің де таусылғандай бар шыдамы. Шындықтай суға зәру өлкеде тек нәр берер «Тамшалының» тамшылары.
1981



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иман жайлы кей имам салар үнге

  • 0
  • 0

Иман жайлы кей имам салар үнге,
жұрт ұйиды көзі де, сөзі де ұнап.
Хафиз ақын айтқандай, ал өмірде
имандылық дегеннен өзі жырақ.

Толық

Сақтандыру

  • 0
  • 0

Патша-күн, жұлдыз емес,
көртышқан құндыз емес.
Күн-жалын лапылдаған,
жоламас ақылды адам –

Толық

Ананы жоқтау

  • 2
  • 32

Айсәуле ана – ақ ана,
балаушы ем сені данаға,
өсиет сөзің санада.
Ұзатып сені сапарға,

Толық

Қарап көріңіз