Өлең, жыр, ақындар

Ананы жоқтау

  • kz2015
  • 29.05.2015
  • 2
  • 32
  • 142286
Айсәуле ана – ақ ана,
балаушы ем сені данаға,
өсиет сөзің санада.
Ұзатып сені сапарға,
жалғыз қалдым жағада.
"Ақ патшам" деп алдымнан,
шығушы едің, жан ана.
Енді кіммен сырласам,
енді кіммен мұңдасам?
Орның толмас жырласам,
өзіңді іздеп қырға асам.
Әкенің отын өшірмей,
алғыс алдың жұртыңнан.
Қазақтың ақыл-есіндей,
халқына дара ұл туған.
Батагөйі едің елімнің,
Сен кеткен соң келіннің
жанарына мұң тұнған.
Менің де жасып жігерім,
жыладым-дағы, жүдедім.
Жалғызсырап тұр жүрегім…
Әулиелер жатқан топырақ,
торқалы болар – білемін.
Жәннатта болғай жаны деп,
қол жайып тілек тіледім.
Арттағы ел, бала-шағаға,
жар болсын, Алла-тағала,
жебей гөй бәрін, Жан Ана!..



Пікірлер (32)

Samina

Әдемі, ұанады!!! heart Фариза Оңғарсынова апамыздың өлеңдері ерекше!!

Сара

оте керемет

БЕКЗАТ

ФАРИЗА АПАЙДЫ ОЛЫНЫ ОТЕ КЕРЕМЕТ

бреуго

Оте керемет

Света

Анамнын кыркына. Жоктау керек еди

Света

Кыркына жоктау керек анамнын

зоя

фариза онгарсыноа олендері керемет жомсак екен

Айко

Оте керемет

Шолпан

Керемет

жанабекова балжан

оте керемет

жанабекова балжан

оте керемет унады

Мейрамгул

Оте жаксы жазылган.Керемет.Журектен шыккан создер.

Аси

Кушти жазылган базар жок ко

Камшат

Жылататын мунды анага жоктау таба алмай жатирмын

Алма

жаксы жазылган

Нұрдана

Фариза апамыздың өлеңдерін оқысам көзім тоймайды. Оның өлеңдері ерекше. Бір оқысам тоқтай алмаймын

гүлназ

өте керемет маған ұнады

Майра кутышова

Оте керемет ананы жоктау олеңиңизди анам кайтканда айткан болатынмын унады

Ильмира

Маган да жоктау создери керек анама

Марзия

Күйеуіме жоқтау қажет жыл садақасына

салтанат

Маған да жоқтау сөздери керек анама

Салтанат

Фаризаның өлеңдеріде өзіде жастар біле берсе өзі сабақ қой

☺☺☺

Оте керемет❤❤

Эльнура

Оте керемет

Эльвира

Енемди жоктайтын жоктау керек кыркына

Арай

Өте керемет. Анамды қатты қатты сагынып кетімғой. Әтеген ай кетіп калдығой.

Гүлнара

Фариза апамыздың өлеңдерін қатты ұнатам,Менің де нағашы тәтем қайтыс болды,келесі жұмада 40 күн болады,тәтемді сондай қатты сағындыммммм.

Зияда

Енеме жоктау керек еді

асем

анамнын 40 кундик садакасына жоктау

Myrza

Өте керемет

Жамал

Енем бір жүрген жол жатыр
Алшаңдап басқан жер жатыр
Алыстағы ағайын өзіңізді
Іздеп келіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Жыр жазу деген

  • 0
  • 0

Жыр жазу деген –
аласапыран теңіздің кәрі жартасын
тырнағыңменен шимайлау;
үніңмен тежеп мәңгілік күштің балтасын

Толық

Екінші рет туғанда

  • 0
  • 0

Есігімді жұлқып ашып (қақсын ба!)
қарлы дауыл ызыңдады бір мұңмен,
Тағы, міне, ақ дауылдың астында
екінші рет қайта туып тұрмын мен.

Толық

Әзіл

  • 0
  • 0

Жабырқап жүргеннен бе жүдеп кей күн –
елпіл жоқ, меңіреу бір түнектеймін.
«Аспаннан құлап қапты – анау жерде
Күн жатыр!» – десе біреу, дір етпеймін.

Толық

Қарап көріңіз