Өлең, жыр, ақындар

Өсиет

  • 12.02.2022
  • 0
  • 0
  • 589
(аударма)

Жұмысшылар менің кіл жыр етерім,
Жер қопарған, кен қазған.
«Қара аралда» үйімді жағадағы
Мен өлгенде соларға мұра етемін.
Қанын сатқан Чилидің арамдары
Адамдарды қанады, сан алдады,
Қиналғандар демалып жүрсе деймін
Менің салған үйімде аралдағы.
Шаршағандар жамылып кек түнегін
Ұмытса сәл тұрмыстың тепкілерін,
Столымда отырып тамақ ішсе,
Төсегімде ұйқтаса деп тіледім.
Есігі ашық үйімнің, туысқаным,
Кел, ұмыт та азап пен жұмыс барын.
Салған үйім бұл менің өз қолыммен
Кешіп жүріп өмірдің ұрыстарын.
Мен осы үйде жыр жазғам тағы күшпен,
Махаббаттың шырынын қанып ішкем.
Талай ұзақ сапардан, сан елдерден
«Қара аралға» оралғам сағынышпен.
Сен де сағын бұл үйді, сағынасың,
Шын сағынып келмесең арыңа сын.
Айна төсті теңізге қара, сонда
Мазасыздау күйіңнен арыласың.

ПАБЛО НЕРУДА



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құпия ғой, құпия адам деген

  • 0
  • 0

Құпия ғой, құпия адам деген!
Таныс емес жайттар жоқ маған деп ем,
болғандай ем бәрін де көріп, біліп,
әлі күнге мен қалай аман келем?

Толық

Өтіп жатыр күндерім

  • 0
  • 2

Өтіп жатыр күндерім
қуанышсыз, қайғысыз, үнсіз менің:
көппен бірге жүреді құр сүлдерім.
Күзгі жауын секілді сүйекке өтер

Толық

Поэзия

  • 0
  • 0

Махамбет аудармашысымен әңгіме
Поэзия –
әйелдей жұмбақ әлем,
сиқыр сырын түсінер тұлға да кем:

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер