Өлең, жыр, ақындар

Әже сен бірге жүрсің меніменен

Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрген бір кемпір көрсем
Ақ кимешек астынан сені көрем

Өңі, түсі өзіңнен бір аумайды
Немересін ертпесе жүре алмайды
Таныс дауыс, таныс сөз, таныс мәсі
Көзіме оттай басылып алаулайды

Аппақтығы ұқсайды әрінің де
Әжімің де аумайды, тәлімің де
Әлемдегі әженің бәрі бір ме
Әже сен тірі екенсің әлі күнге

Қия өтпейді, ұқсайды ізеті де
( Ізетсізді бұларда күзетуде )
Бұларда бабасынан алып қалған
Өз жұртының дәстүрін күзетуде

Әже сен бірге жүрсің меніменен
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрінсе сені көрем
Ақ кимешек жоғалса нені көрем



Пікірлер (3)

Арайлым

Мұқағали Мақатаевтың Әже сен бірге жүрсің меніменен өлеңі керемет

Айтолкын

Норм

Айтолкын

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Қалалық зиратхана

  • 0
  • 0

Өлік сақтар қаланың қақпасының алдында,
Шудан қашып, мекерсіп, кілт тоқтадым бардым да.
Өліп қалған жезөкше бір әйелді әкелді,
Керегі жоқ ешкімге дене жатты алдымда.

Толық

Көңілім

  • 1
  • 9

Көңілде дауыл.
Көңілде оттар жанады.
Қуаныш-қайғы бірін-бірі жабады.
Жүрегім сонда жадырап, сергіп қалады,

Толық

Тұнжыраған ояу бақ

  • 1
  • 2

Жапырақтар түсіп жатыр,
Түсіп жатыр...
Неліктен?!
Айрылып бара жатыр ағаш біткен көріктен.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер