Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың ханы Абылай

  • 29.11.2015
  • 0
  • 7
  • 27975
Қазақтың ханы Абылай
Абылай ханым, бұл қалай?
Ақиықты аспанға
Ұшпастай ғып торлады.
Құлағанға ұқсайды
Қазақтың қамал қорғаны.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Айтпасыма болмады,
Батырың өтті Бөгенбай.
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған,
Қисапсыз қол көрінсе,
Қорқып жаудан қайтпаған,
Қазақ деген халқынан
Батыр шыққан даңқынан,
Қарсыласқан асылдар
Қорғасындай балқыған,
Батырың өтті Бөгенбай.
Бұтақты мүйіз бұғысы
Саласындай жайылған,
Мылтық айтқан мергені
Киігін қойдай қайырған,
Құланы құлындай тулаған,
Түлкісі иттей шулаған,
Қыс қыстайтын жеріңді
Сол сықылды тау қылған,
Батырың өтті Бөгенбай.
Асу салған, тас бұзып,
Тарбағатай белінен,
Қол қондырған қос тігіп,
Борлы деген көліңнен,
Қалмақты шапқан шулатып
Ақшәуілің өрінен,
Қоныс қылған найманға
Бәрін қуып жерінен,
Батырың өтті Бөгембай.
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Қаз дауысты Қазыбек.
Шашақ ұлы Жәнібек,
Ормандай көп Орта жүз.
Содан шыққан төрт терек,
Тұғыр болған сол еді,
Сіздей төре сұңқарға.
Бәйгелі жерден бақ болған,
Сегіздей жүйрік тұлпарға.
Қайғырмаңыз, ханзадам,
Келмей тұр аузым айтарға,
Батырың өтті Бөгенбай.
Өкпе қылған ел үшін,
Жауда кеткен кек үшін,
Қазақтың абырой-арына
Сарп қылған бар күшін,
Қайыры болсын халқыңа,
Сабыр қыл, ойла келмесін,
Қарияң келіп жырлап тұр
Еңбегі сіңген ер үшін
Батырың өтті Бөгенбай.



Пікірлер (7)

амангул

өте жақсы

Амина

Керемет керегіңді тез табасың

botan.symbat

ote jaqsy

Айбол

Оте жаксы жыр екен

Конакбаева Эльмира 2007

Өте керемет мен куаныштымын мен бұдан көп мәлімет алдым рахмет

Ақтау қаласы кітапхана

керемет . бірақ енді осы өлеңнің мағынасын жазыңыздар

Гулнур

оқып мағынасын түсінуші едік бұрын, кәзіргілер оқығанын түсінбейтін болған ба?

Пікір қалдырыңыз

Көкте бұлт сөгілсе

  • 0
  • 1

Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда;
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда;

Толық

Сәлем - сөздің анасы

  • 0
  • 2

Сәлем - сөздің анасы,
Әлік алған данасы.
Шығанақтан шырқайды
О біреудің танасы.

Толық

Жар басына қонбаңыз

  • 0
  • 1

Жар басына қонбаңыз,
Дауыл соқса, үй кетер.
Жатқа тізгін берсеңіз,
Жаламенен бас кетер.

Толық

Қарап көріңіз