Өлең, жыр, ақындар

Сен қандай ұлықсың

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 200
Сен қандай ұлықсың!
Сен деп ем, бақ гүлдеді,
Мендегі шоқтың демі –
Жылытар, күллі әлемді
Қаралықты жоятын
От қыл, мені.
Рахмани дыбыс едім,
Тербеген шекті үндегі!

Сен қандай ұлықсың!
Ғибратты – өткенім-ау,
Бекер жас төкпедім-ау!
Азаның елінде өстім,
Сәбидей пәктедің-ау!
Дүниеден адасып қап,
Жүргенде, шетте мынау!

Сен қандай ұлықсың!
Рухыма інжу сыйлап,
Аққу боп, мың қиқулап.
Ғашықтық шарап іштім,
Ғайыптан бір күй тыңдап.

Сен қандай ұлықсың!
Гүдерге көміп тұрсың,
Самғадым, Самұрықтай
Жолыңа болып, қыршын!
Күн сыйлар, жүректерге
Жақұттай, жанып, жыр-шын.

Сен қандай ұлықсың!
Жомарттығыңа тілім жетпейді,
Шын ризалықтан жырыым көктейді.
Өзің жіберген – алапат оттан
Баққа айналды, күлімдеп, қайғы.
Жомарттығыңа тілім жетпейді!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Таңды күткен

  • 0
  • 0

Түн күзетіп, жыр отыр,
Ақтарылар, сыр ақыр!
Шыға келер, тұра тұр,
Таңды күткен бір жанмын!

Толық

Махаббатың мақамы мың хикметтен тұрады

  • 0
  • 0

Сағыныштың сазынан жүрек-құмыра сыңғырлар,
Тұңғиық сол тылсымның сырын айтса, бұл Гүлнәр.
Көзден жасын төгеді, аңыратып, бұлбұлдар,
Махаббатттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Толық

Періште қанатынан

  • 0
  • 0

Періштенің қанатынан қауырсын алып,
Жыр жаздым – мөп-мөлдір!
Нұрыма ғұсыл ап, тауым қуанып,
Гүл қылып, қаулатты, қайғысын шеккен жыр!

Толық

Қарап көріңіз