Өлең, жыр, ақындар

Махаббатың мақамы мың хикметтен тұрады

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 323
Сағыныштың сазынан жүрек-құмыра сыңғырлар,
Тұңғиық сол тылсымның сырын айтса, бұл Гүлнәр.
Көзден жасын төгеді, аңыратып, бұлбұлдар,
Махаббатттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Махаббат, ол – өмірім, махаббат ол – шырыным,
Үлгі болып, ойсызға, елге жетсін, бұл үнім!
Ұстазымыз текті еді,жетелесін, құлынын,
Махаббатың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Сезіміне Күн Оның – күйіп қалған, деседі,
Әуезіне асқар тау ұйып қалған,- деседі.
Раббысының Жамалын сүйіп, солған,- деседі,
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Гүл-жыр жазсам – ол дағы, - науқасымның мәуесі,
Жауһар қылар, Рухыңды, бұл дүниенің мәуесі,
Маймылдықты «селфилеп», кірмес, жердің әлі есі,
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Жердің дертін көк аспан жамайыншы,- дейді ме,
Жанның өртін шоғы осқан, тонайыншы, дейді ме?
Естілмеген бір әнге салайыншы,- дейді ме,
Махабаттың мақамы – мың хикметтен тұрады.

Жұпарыма тау жерік, жүрек гүлден көрінбей,
Тентек өзен гүрілдеп, жоса-жоса шерім ғой!
Ана өмірім – тірі ме? Бұл өмірім – құрбандық,
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Қараңғыға нұр шашар – өлеңдерім Ай түсті,
Жылдар бойы қинаған науқасыма жай түсті!
Қызғалдаққа шомылдым –кидім, енді, қай түсті?
Махаббаттың мақамы – мың хикметтен тұрады!

Тіл жетпейтін Дидарың тұр – мына әлем үстінде,
Жәудіреттің, моншақтай, кәусар көлге түстім бе?
Сені пәктеп, Әзизім, сайрап өтті, құс-күн де,
Махаббаттың мақамы - мың хикметтен тұрады!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Фаризаға

  • 0
  • 0

Фариза, Фариза апа, Фариза апа.
Өлеңнің отын жақтың әр үйге, апа.
Мұқағали, Төлеген сыймай кеткен,
Қалай сыйып жүрсіз бұл фәниге, апа?

Толық

Ғасыр мұқабасындағы жырым

  • 0
  • 0

Рухани әлемнің гүлін дәптеріме ектім,
Бұл дүниелік зар өшсін, - деп.
Шерім – мың домбыра еді, төктім,
Ойлылар кешсін, - деп.

Толық

Көркем жырымды жазып

  • 0
  • 0

Күн бұрымында дірілдеп, шолпыдай жырым,
Теңіз көңілім тасыды, толқыды-ай, бүгін!
Әуен боп кетті, ауада – шалқып-ай, сырым,
Көркем жырымды жазып.

Толық

Қарап көріңіз