Өлең, жыр, ақындар

Фаризаға

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 531
Фариза, Фариза апа, Фариза апа.
Өлеңнің отын жақтың әр үйге, апа.
Мұқағали, Төлеген сыймай кеткен,
Қалай сыйып жүрсіз бұл фәниге, апа?
Соны ойласам көңілім қырық жамау,
Бір суық ой жанымды қариды, апа.
Мен сіңлің арманым бір, әнім бір-ау,
Сыймаған, сия алмаған қалыбына-ау.
Көміп жүр ғой мені де осы күні
Өзің туған қаланың шаңы мынау.
Табаным шеңгел жұлып жүз қанады,
Теңіз жүрек осылай тұзданады.
Қарғалар таудың бетін жауып-ашып,
Қыраннан кеңістігін қызғанады.
Қорғадың мені талай, бұлбұл ана,
Қорғансыз балапан деп, тұр, жылама!
Жанымды азаптарым тұншықтырып,
Тамшыға мөлдіреген кірпік тұнып.
Кей кезде жүдей қалсам, жабырқап бір
Кетесің қайрап өзің ұрсып тұрып.
Фариза, Фариза апа, асыл апа,
Жаныңнан бұрқырай от шашырата,
Ботадай көз жасынан жыр жасаған,
Мені де ертіп алшы қасыңа, апа!

Алматы.1994 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бабам

  • 0
  • 0

Жасылға бөкккен аймаққа келдім,
Бұл сұлулуқты қай бақта көрдім!
Нұрға малынып, жайнап па, көркің,
Яссауи бабам!

Толық

Қазағымның жері бұл

  • 0
  • 0

Ей, жасыл дала, қызыл алқаңды қалайын,
Қызғалдағыңмен жырымды өріп алайын!
Кемпірқосақ сезім боп, көкжиегіңді орайын,
Қазағымның сұлу жері бұл!

Толық

Көзімнен тамшылап жатыр

  • 0
  • 0

Тастың үстінде – мүк қалашығы
Сыртына күліп, шыққан асылы!
Інжуге толып, шық қарашығы
Көзімнен тамшылап жатыр.

Толық

Қарап көріңіз