Өлең, жыр, ақындар

Менің құйттай аялаған Үмітім

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 286
Менің құйттай аялаған Үмітім
Жасап жатыр жүрегіме иелік,
Терезенің жақтауына сүйеніп,
Қаңтар айдың қысқарғанда күні тым.
Бозторғайдың шырылдаған үнімен,
Қанаты оның дір-дір етіп тоңады.
Бір ұшады, сосын қайта қонады,
Тал бұтағы тербеледі түнімен.
Әлсіз шырақ, білтесі оның жылтырап,
Айна алдында шашын үнсіз тарайды,
Түн қойнына көп тесіліп қарайды,
Бет пердесін Қорқыныштың жыртып ап.
Кірпігіне үйшік салып ұлы Түн,
Кешегінің жанған өртін ұмытып,
Ғұмырымды келе жатыр жылытып,
Менің құйттай аялаған Үмітім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалқығандай от тілі ыстық үйден

  • 0
  • 0

Шалқығандай от тілі ыстық үйден,
Қызыл күнді бетке алып ұшты күймем.
Кешкі шапақ шөмеле төбесіне
Шашыратып қып-қызыл ұшқын үйген.

Толық

Тауға да ұрдың басыңды

  • 0
  • 0

Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың,
Баспау үшін төбесін басқа қырдың.
Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп,
Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым.

Толық

Қолтаңба

  • 0
  • 0

Тірлікке кімдер келіп, кім кетпеген,
Жанбысың жүрегіңді күн кептеген?
Кеудеңді жейде қылып желге жай да,
Түймеле алтындаған ілгекпенен.

Толық

Қарап көріңіз