Өлең, жыр, ақындар

Тауға да ұрдың басыңды

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 340
Тауға да ұрдың басыңды, тасқа да ұрдың,
Баспау үшін төбесін басқа қырдың.
Байлығыңды аңдыған дұшпаның көп,
Есігіңді абайсыз ашпа, құрбым.
Тағдыр атты өттің де сан сынақтан,
Жүрегіңді жұбаттың тамшы қатқан.
Ай астында ұлыған Бөрі тегің
Өзіңді алғы күндерге қамшылатқан.
Ай астында ұлыған Бөрі тегі,
Сені де ұсақ тірліктен жерітеді.
Жараланса жүрегің, тас шайнадың,
Ыстық демің тасты да ерітеді.
Пейіліңе беріпті кең даланы,
Кең даладан айрылсаң, нең қалады?
Не болады көз сатқан көршіңіздің
Саған ақыл үйретсе кембағалы?!
Шетсіз-шексіз осынау құм даладан,
Мың сан шырақ қалыпты Мың баладан.
Әр шырақтың түбінен тіріліпті
Сәби үні естіліп іңгәлаған.
Сені көрсе, ажал да тасаланды,
Сен туғыздың Нұртуған, Қашағанды.
Ақтау үшін олардың аманатын,
Өлме, қазақ, өлме, сен, жаса мәңгі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иірім тапты иректері арнаның

  • 0
  • 0

Иірім тапты иректері арнаның,
Арналарға ағыс табу – арманым.
Тұмандарда тау ішінде адаспа,
Топтан озған, темір тұяқ тарланым!

Толық

Гүлді сүйдім шілденің аптабында

  • 0
  • 0

Гүлді сүйдім шілденің аптабында,
Түнді сүйдім сәуірдің ақ таңында.
Менің бала күндерім қалқып ұшты
Жазғы бақтың үлбіреп бақбағында.

Толық

Келдің бе тағы, әз наурыз

  • 0
  • 0

Келдің бе тағы, әз наурыз,
Жаныма менің нұр жағып.
Жүректің терең түбінде
Жылтырап бір от тұр жанып.

Толық

Қарап көріңіз