Өлең, жыр, ақындар

Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 413
Бір сәлем сынды жолданып қалып жетпеген,
Дүрілдеп аппақ лайнерлер ұшты көкпенен.
Қарсы аққан бұлттар жол беріп жатыр жөңкіліп,
Қарсы аққан бұлттар көз жасым сынды төкпеген.
Сағыныш біткен жарысып жолмен зулады,
Қапталда түгел гүл басқан жондар тулады.
Жапырақ сосын алақан соқты тербеліп,
Қонақтап құстар бұтаққа, орман шулады.
Есітемісің, жүрекке жеткен бір ән бар,
Әнші құстарым, жабылып әуен құраңдар.
Бауырында таңның, қойнында кештің тербеліп,
Әндеткен ғалам, жаныңды сенің ұғам бар.
Болғасын мұңы, көмейі тынбай әндеткен,
Ұғынып мұны, реніш те қалды, қалды өкпем.
Әндер-ай есті, сендерде қандай сиқыр бар,
Тамылжып келіп, жұбатып мені, жанды өпкен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі бақтан мені іздеп жүргеніңде

  • 0
  • 0

Күзгі бақтан мені іздеп жүргеніңде,
Махаббаттың жеткенін білмедің бе?
Жүрегің жапырақ боп ұшты маған
Октябрьдің ең соңғы күндерінде.

Толық

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт

  • 0
  • 0

Тойымсыздық жайлаған қапыл уақыт,
Құмға батып, қайырлап жатыр бақыт.
Көктем күні күлімдеп тұрады да,
Кенет бұршақ төгеді сатырлатып.

Толық

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып

  • 0
  • 0

Алар сыйдан әдеттегі кеш қалып,
Сан соққанда жақсы адамды кеш танып,
Өң мен түстің арасында бір өмір
Өтіп жатыр ұйқылы-ояу есті алып.

Толық

Қарап көріңіз