Өлең, жыр, ақындар

Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 327
Бүршіктер сынды күтпеген жерден көктеген,
Шықты да бұлттан, аппақ ай жүзді көкпенен.
Арман бар менде толықсып туған ай сынды,
Ұшсам да оған, созсам да қолым жетпеген.
Қып-қызыл жалын тал бойды түгел еріткен,
Еріткен сәтте айрылам кейде еріктен.
Ұшқан шар құсап оралып қайта келеді
Асау күндерім алқызыл түсті көрікпен.
Мұндай сәттерде Аспан да менмін, Жер де мен,
Көріністерді көремін ылғи көрмеден.
Құстарды және... қанатын әсем сермеген,
Жанымды және... құлаған, қайта өрлеген.
Жанымды көрдім. Аппақ боп көкте ұшып жүр,
Өмірді сүйіп, тірлікті толғап, құшып жыр.
Тағдырдың сыйы дейсің бе мұны, айтшы, сен,
Мендегі не күй, қолыңнан келсе, түсіндір.
Айтамын алғыс әкелген бақыт айларға,
Мен түсінбеген, мен сезінбеген жай бар ма?
Талықсып қалдым тірліктің бәрін ұмытып,
Бас қойып келіп қандырмас шөлді қайнарға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сапарлар сан қызықты толғап еді

  • 0
  • 0

Сапарлар сан қызықты толғап еді,
Жылы жел қуып жетті жолда мені.
Салқында суық қарға бүріседі,
Жылылық – тіршіліктің ол да лебі.

Толық

Келдің бе тағы, әз наурыз

  • 0
  • 0

Келдің бе тағы, әз наурыз,
Жаныма менің нұр жағып.
Жүректің терең түбінде
Жылтырап бір от тұр жанып.

Толық

Ғаламат

  • 0
  • 0

Таңның күліп атқандығы ғаламат,
Қызғылт кештің батқандығы ғаламат.
Бауыры аппақ қарлығаштың аспанда
Қанаттарын қаққандығы ғаламат.

Толық

Қарап көріңіз