Өлең, жыр, ақындар

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 336
Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен,
Ажырамай қазақылау елдіктен,
Ғарыш жаққа ғажап сәлем жолдаймын,
Жер шарынан, параллельдік ендіктен.
Жер шарының арманы бар өзгеше,
Шар боп ұшқан бір нәрсені көздесе.
Құқы да бар қиянатқа төзбесе,
Қиналады жанын ешкім сезбесе.
Мекен етіп параллель бір елдерді,
Параллельді сырттағы жұрт тең көрді.
Бір сызықта қабыспайтын болғасын,
Әрі қарай жол тартуды жөн көрді.
Параллельдің барар жері шексіздік,
Шексіздікті тежейтұғын тексіздік.
Ебін таппай екі айналып қалады
Ортасында «е» дегізген епсіздік.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Туған жердің табиғатын толғасын.
Бір-біріне күннен үшбу хат тасып,
Бір-біріне айдан сәлем жолдасын.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Кемеріне асып-тасып толғасын,
Тура тартып қия жаққа кетеді,
Ата-баба аруағы қолдасын.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Жанына ертіп жүреді ылғи жолдасын.
Маңайында тынбас қиқу, жанған от,
Шығады алып аман-есен ол басын.
Параллельдер қабыспайтын болғасын,
Мұзды мұхит мекенінде тоңғасын,
Сахараға жол іздейді сабылып,
Періштелер оң сапарын жолдасын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған

  • 0
  • 0

Менің жаным ән тұнған, бұлақ тұнған,
Көкірегін ояттты бұлап құмнан.
Алқымына симаған ару шабыт
Бозбаланың қолынан гүл ап тынған.

Толық

Тыңдағаны арзан ән

  • 0
  • 0

Тыңдағаны арзан ән,
Талықсыған тар заман.
Жүрген кезде жағалап,
Құлататын жар жаман.

Толық

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып

  • 0
  • 0

Барады қайран Уақыт жылдам ұшып,
Уыстап көк теңізді тұрған ішіп.
Өзгеге өз дауысын жеткізе алмай,
Шындықтың жақ сүйегі тұр қарысып.

Толық

Қарап көріңіз