Өлең, жыр, ақындар

Тура келем

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 1926
Тура келем, оңға-солға бұрылмай,
Әз әзілдің «қақпанына» ұрынбай.
Еске аламын бұлдыр бала кезімді,
Енесінен ерте айырған құлындай.
Өтті-кетті ол күндерден жоқ белгі,
(Тез солады қызғалдақтар көктемгі).
Сезінбедім әке алақан жылуын,
Қайтем енді - қатал тағдыр көп көрді.
Көңілдегі мұңды ақылмен аршыдым,
Жалғаны бұл айтқаным - бар шыным.
Көген түп боп қалған ұрпақ біз мына,
Көлгірсіген құрбыларға қарсымын!
Өмірімнің көбі кетіп, қалды азы,
Белгілі ғой, белгілі ғой аржағы.
Қымбатымнан қалып тұрмын көз жазып,
Қу тірліктің көлбеңдейді арзаны.
Caп, caп, көңілім, сабаңатүс, тежелгін,
(Бұл халімді сырт көздерден сезер кім?..)
Жылдар жүгі еңсемді езіп тұрса да,
Қара нардай қайыспаспын, төзермін!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кішілік

  • 0
  • 0

Шығарып күміс кірпік Күнді іргеден,
Өткенін жиырма бестің білдірмеп ең.
Қырыңда қалған жалын шағымды ойлап,
Жайым бар сезім отын күнде үрлеген.

Толық

Бес белес

  • 0
  • 0

Ашып тұрмын алтыншы ондық есігін,
(Еміс-еміс естілді елге есімім).
Деген сөз бар «ердің жасы екі елу»,
Ортасына келдім өмір көшінің.

Толық

Аға сыры

  • 0
  • 0

Бозбала інім, аға сырын ал тыңдап,
Мен де жүргем саясында салқын бақ.
Жүректегі жалын күшін ұқтырды-ау,
Жігіттіктің ақ семсері жарқылдап.

Толық

Қарап көріңіз